ТАУ ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ
Қазақта елім деп еңіреп өткен ерлер аз болмаған. Олардың асыл арманы – ұлтымызды кемел келешекке бастау болды. Осы жолда жан аямай күрескен азаматтарымыз қаншама! Солардың бірегейі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Тау тұлға өз елін шексіз сүйді, халқы да оны дәл солай жақсы көрді. Сондықтан болар, ол өмірге келген 12 қаңтар бүгінде жалпыхалықтық мерекеге айналды.
Кемеңгер көсемнің туған күнін тараздықтар да естен шығарған емес. Айталық, бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен зиялы қауым өкілдері және шаһар тұрғындары Алаш ардақтысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы