ТӘУЕЛСІЗДІК БАБАЛАР АҢСАҒАН АРМАН

Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымызда түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, Жаңатас көпсалалы колледжінде «Тәуелсіздік бабалар аңсаған арман» тақырыбында танымдық-патриоттық кеш ұйымдастырылды.
Патриоттық тақырыптағы шараға колледж ұстаздары, білімгерлер, жастар мен тәуелсіздік таңы атқанда дүние есігін ашқан «Тәуелсіздіктің құрдастары» қатысты.
Шараны колледж директоры Н.Түйтебаева ашып , барша жастарды, Тәуелсіздік құрдастарын мерекемен құттықтады. Өз кезегінде «Тәуелсіздік құрдастары», еліміз егемендігін алып, Тәуелсіздігін жариялаған жылы дүние есігін ашқандарын мақтан тұтып, сонымен қатар елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүргендерін айтып өтті.
Мұнан соң директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қойлыбекова «Егемендік жолындағы тарихи қадам» ал, Н.А. Шалгинбаева «Желтоқсан — ерлік тарихы» тақырыбында баяндамаларын ұсынды.
Әдеби-сазды кешке ұласқан шарада колледж жастары патриоттық әндер мен билерін тарту етіп, жиналғандарға көңіл күй сыйлады.