«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ»

Еліміздің басты құндылығы — Тәуелсіздікке 30 жыл! Еліміз үшін ең мерейлі мереке қарсаңында көптеген игі бастамалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда. Солардың қатарында, Ботамойнақ ауылдық округіндегі Сыдық Абланов орта мектебінде ұйымдастырылған конференция да бар.

 

 

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбын қаузаған шарада мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбаршын Сариева конференцияның мақсат – міндеттеріне тоқталды. Мән-мағынаға толы шара Желтоқсан боздақтарын еске алумен ұштасып, Желтоқсан оқиғасының куәгері, бүгінде білікті ұстаз, мектеп директорының әдістемелік оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанна Минаписқызымен сұхбатқа ұласты. Оқушылар Желтоқсан оқиғасына байланысты өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Жанна Минаписқызы сол күндерді тебірене еске алып, өзі куә болған оқиғалар мен жеке өмірі жайында мағлұмат берді. Мектептің тарихшы ұстаздары дайындаған бейнебаянды тамашалаған соң, 5 «б» және 8 «ә» — сынып оқушылары Тәуелсіздікке арнаған өлең жырларын оқыды. Конференция жұмысы мектеп оқушысы Сенбек Бекдаулеттің орындауындағы «Ерке сылқым» күйімен қорытындыланып, оған қатысушылар Желтоқсан оқиғасының куәгерімен естелікке суретке түсті.