Тәуелсіздік күнін 1 мамырға ауыстыру керек.
16 Желтоқсан тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарды еске алу күні болсын…
Міне өте дұрыс та әділ ұсыныс !!.. Айы мен Күнін (1 мамыр) Халықпен ақылдаса белгілеген жөн.Бүгінгі күнді — Тәуелсіздік мерекесі — деп СЕЗІНУ өте қиын… Өйткені ел арасында — ТӨРТ МЫҢ ға (4 000 )жуық — жастар қыршындарынан қыйылғаны жайлы баяғыдан айтылады. Қанды қырғынды көзіңмен көріп… қалай МЕРЕКЕЛЕУГЕ болады ??.. Сондықтан ТӘУЕЛСІЗДІКТІ басқа уақытқа ауыстырып… МЕЙРАМ ретінде тойлау, Мың өліп… мың тірілген ҚАЗАҚ үшін ауадай қажет ?!.. Ал 16-Желтоқсанды — АРМАНДА КЕТКЕН БОЗДАҚТАРЫМЫЗДЫ — еске алсақ … АРУАҚТАРЫ риза болар.. ЕЛДІГІМІЗГЕ де жарасар…
АРМЫСЫЗДАР — аяаулы азаматтарым ?! Сендердің көпшілігің — менің ҚЫЗДАРЫМ мен ҰЛДАРЫМ сияқтысыңдар, Үлкендеріңнің өзі — БАУЫР-ҚАРЫНДАСТАРЫМ екендерің рас. САҚАЛДЫ басыммен… мынау ПІКІР алмасуға қатысып жүргенім, қысқа да нұсқа етіп… РУХАНИ кем-кетіктерімізбен пікірлесу мақсаты ғой. ТЕК, МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ӨТІНІШІМ, ЖАЗҒАН ПІКІРЛЕР — БАРЫНША ШЫН — АДАЛ — ӘДІЛЕТТІ — БОЛУДЫ ӨТІНЕМІН ?!!…… Енді, мынау Тәуелсіздік алған 25-жылдың ішіндегі — ҰЛТТЫҚ КЕМШІЛІКТЕРІМІЗДІҢ — қос БОСҒАСЫ — І-шісі МЕМЛЕКЕТ.., ІІ-шісі ХАЛЫҚ екенін бәріміз де білеміз. Бірақ біздер көбінесе кемшілікті МЕМЛЕКЕТ басындағылардан көреміз. Иә-ә, сөзсіз ОЛАРДЫҢ кемшіліктері — АЗАМАТ ретінде де, БАСШЫ ретінде де … қабағат ауыр қателіктері көп. Тіпті, көпшілігі ҰРЫ ретінде сотталуға тиісті !.. Ал, ХАЛЫҚТЫҢ кемшілігі… әлі сол ҚҰЛДЫҚ психологиядан арыла алмай отыр. ХАЛЫҚ орындауға тиісті бар кемшілікті тізбектемей-ақ, ең НЕГІЗГІ бір кемшілікті айтсақ, өзінің АНА ТІЛІН қорлап… масқаралап жүрулерін… адам түгіл ҚҰДАЙ да кешіре алмайды. Себебі, адам атаулыға ТІЛІН сатқаннан ауыр күнә жоқ ! Қазақтың… әсіресе Қаладағы ӘЙЕЛ атаулысы… үлкені мен күшісі бір-бірлерімен ОРЫСША сөйлесуімен қоса, болашақ ҰРПАҚТЫ аздырулары… ЖӨРГЕГІНДЕГІ сәбилерімен.. ойнатып жүрген БАЛАЛАРЫМЕН … тек ОРЫСША сөйлеуден именбейтін АРСЫЗДЫҚТАРЫ шектен шығып тұр. Мен қазақ және аралас мектептермен байланысты болғандықтан… «баланы қазақ сыныбына беруге ӘКЕЛЕРІ келіссе де, ШЕШЕЛЕРІ арпылдаған мінезбен ОРЫСШАҒА бергізетінін…» — айтып деректрлар зар жылайды. Өздерің оқыдыңдар да… бір пікірімде ҮКІМЕТ пен ПРЕЗИДЕНТТЕН — орысша сөйлейтін қазақтың Әйелдері мен Қыздарына — РУХАНИ ШАРА қолдануды сұраған да едім. .. ТАЗА — халықтың ЖЕТІСТІГІНЕ — бір-ақ мысал келтірейін ?!… Мынау жанымыздағы ӨЗБЕК бауырлар… далада ма, дүкенде ме, кассада ма… барлық жерде, БАСҚА ТІЛДЕ сұраған адамдарға жауап БЕРМЕЙДІ . Міне, осының арқасында… ХАЛЫҚТЫҢ намыстылығымен, Өзбекстандағы басқа ҰЛТТАР түгелдей … сол МЕМЛЕКЕТТҢ ТІЛІНДЕ, яғный ӨЗБЕК тілін бар-жоғы екі-ақ айдың ішінде МЕҢГЕРІП алады. Сондықтан, БИЛІК пен ХАЛЫҚТЫ бірдей тәрбиелеу қажет… Бауырларым — Азаматтарым іске сәт !!!…
Совет-Хан Габбасов