Тәуелсіздік күні қарсаңында 72 павлодарлық отбасы жаңа үйге қоныстанды
Жаңа екі кіре берісті тоғыз қабатты үй «Сарыарқа» шағын ауданында Раскова көшесі, 2/1 мекенжайы бойынша орналасқан. Жаңа пәтерлердің иелері тұрғын үйді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде құрылған «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сатып алды.
????????????????????
— 28 жыл ішінде Қазақстанда көптеген жаңа ғимараттар, сондай-ақ шағын аудандар салынды, — деді пәтер кілттерін табыстау кезінде облыс әкімі Болат Бақауов — Міне, бүгін ұлы мереке қарсаңында, «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алған бақытты отбасыларды көріп тұрмын. Елбасы мен Президенттің дана саясатының арқасында елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Егер үш жыл бұрын біз жылына 165 мың шаршы метр салсақ, қазір 300 мыңнан астам шаршы метр салудамыз. 2021 жылы біз Сарыарқа шағын ауданын аяқтаймыз. Ал келесі жылдан бастап осы шағын ауданды абаттандырумен айналысатын боламыз.
Тұрғын үйдің жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден астам. Тоғыз қабатты үйдің құрылысы 2018 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Мердігер ұйым — «UM Engineering» ЖШС. Үйде барлығы 36 бір бөлмелі, 18 екі бөлмелі және 18 үш бөлмелі пәтерлер бар.
Жалпы, осы жылы облыста 178 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық. Тоғыз көп қабатты үйлердің құрылысы аяқталды. 272 отбасы жаңа пәтерге ие болды және тағы да 1399 отбасы жаңа пәтерлердің кілттерін алады. Облыс орталығының әуежайы маңында 55 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді. Ақсу қаласында жеке мердігерлердің есебінен көп балалы отбасыларға арналған 28 екі пәтерлі үйлер тұрғызылып жатыр. Жыл соңына дейін тағы да 100 мың шаршы метрден астам тұрғын үй іске қосылады.
Әлихан Рахметоллаұлы