Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы ұсынысы еліміздің жаңа қырынан дамуына ашылған баспалдақ деп білемін. Мемлекеттік маңызы бар құжатқа өзгеріс енгізудің өзі біліктілік пен батылдықты талап етеді. Ата Заңға енгізілетін толықтырулар Жаңа Қазақстанды құруға ықпал етіп қана қоймай, қарапайым халық пен биліктің арасындағы алтын көпірі болар сөзсіз. Себебі, мұндай Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын» қағидасының іске асыуының бір көрінісі болып отыр, яғни халықтың пікірін ескере отырып, тиімді шешім қабылдау. Сондықтанда, бұл өзгертулер бүгінде халық арасында үлкен қолдауға ие болып отыр.
Қордай ауданының құрметті азаматы
Сүгірбай Төле Аманжолұлы