ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТАБАНДЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жастығын жалын шарпып, аяз тоңдырған шулық желтоқсаншылармен кездесіп, егемендікті жақындатқан ерліктеріне алғыс білдірдім. Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен кездесуге 1986 жылғы жастар толқуына қатысқан жерлестеріміз бен аудан ардагерлері қатысты.
Еліміздің еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тігіп, жастардың орталық алаңға шығып, өз талаптарын қоюы ата-бабамыз арман еткен, аманат еткен Тәуелсіздігімізге жол ашқаны ақиқат. Ел тарихындағы ең маңызды кезеңнің куәгерлері мен батырлары қазіргі кезде ортамызда жүр. Бүгінде арамыздағы әрбір желтоқсаншының жанкештілігі кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс.
Сол себепті де Тәуелсіздік үшін табандылық танытқан «Желтоқсан оқиғасының» қатысушыларына бүгін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды табыс еттік. Сонымен бірге, «Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін де табыстадым.
Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі