Тәуелсіздікке тарту

Біздің елімізде 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап, басты ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігінің шын мәнінде қалпына келтірілуі мерекесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылы– бұл жаңа саяси және құқықтық жүйесін %d0%b0%d1%80%d0%b8%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0қалыптастыру, демократиялық институттар мен әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесін және өзінің тарихи даму ерекшеліктерін ескеру бойынша  қажырлы да қызу еңбек жылдары болды. Тәуелсіздік жылдарында заман талаптарына жауап беретін, құқықтық жүйені жетілдіру бойыншаорасан зор жұмыс жүргізілді. Осы жылдар ішінде құрылған, азаматтардың, бейбітшілік, саяси және экономикалық тұрақтылығының әл-ауқаты – Тәуелсіз Қазақстанның басты ұлттық құндылығы болып табылады. Осы мерейлі мереке қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты оның әрқайсысы ұйымның өсу нүктесі болып саналатын, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл – 25 даму инновациясы»  жобасын қабылдаған болатын. Жоба Институт іс-әрекетіне соңғы жаңалықтарды енгізу арқылы білім беру-педагогикалық жүйесін әрі қарай дамытуға бағытталған.      

Жобаны іске асыру 2016 жылдың қаңтар айы мен қараша айы аралығына қарастырылған болатын.Казіргі таңда Институт ұжымы жобада қарастырылған шаралар толық қамтылып, жобаның өзінің мәресіне жеткенін қуанышпен хабарлайды.

Гаухар Аринова,

«Өрлеу» БАҰО АҚ-ң филиалы

Қарағанды облысы бойынша ПҚБА

            институтының  бас маманы, заңгер