Тәуелсіздікті әнмен әрлеп, сазбен сәндеген сазгер

Қазақ елі тәуелсіздік алысымен Моңғолиядан асыға жеткен алғашқы ұлы көшкеде биыл аттай 25 жыл толды. Ұлы көш пен тәуелсіздік түйдей құрдас деңіз. Сол көштің алғашқы лектерінде Көкшетау қаласына бір топ зиялы қауым Моңғолиядан келіп қоныстанғанды. Сол көштің бір мүшесі Республикаға белгілі сазгер « Тәуелсіз Отаным, Атамекенім» деп жырлаған  Құрмет Сахайұлы туралы мөлтек  сыр.

Ұлы хакім Абай «Әннің де естісі бар, есері ба» деген. Соңғы жылдары ұяалмаған әнші, нота білген сазгер, әу деген ақын, мен  деген жазушылар көбейді. Бұл еліміз, яғни қазақ тәуелсіздік алып, бұғауда жүрген қазақтың ой өрісі ашылып, тынысы кеңігенінен көрініс беретін жақсы нышан. Қазақтың ой өрісі кеңейе берсін, бірақ жағымды жағынан.  Менің жазғалы отырған кейіпкерім, «әннің есеріне жоламаған, қазақтың бай тілін шұбарламаған, ұлық тілдің ұлылығын ұлықтаған, мән-мағынасын бұзбай әрлеп, сұлу сазбен сәндеп жүрген сазгер» жайында. Аспанмен таласқан Алтай тауының саф ауасын жұтып, қазақтың мол тәрбиесін бойына сіңірген, жаны да қаны да,тілі де таза бауырым туралы болмақ. Ол ата жұртына тәуелсіздіктің арқасында қоныс аударып, тәуелсіз отанының жырын жырлап, әніне жан, өлеңіне саз салып жүрген сазгер Құрмет Сахайұлы.

құрмет сахай

Құрметті білмейтіндер Республикада бар шығар, ал Көкшетау өңірі, әсіресе Ақмола аумағында оның әнін сүйіп айтпайтын, білмейтіндер болуы мүмкін емес. Құрмет бауырым асыра мақтады десең, өзіңнен, тыңдарман жұртыңнан алдын ала кешірім сұраймын. Сені еңбегіңді, тума талантыңды білгендіктен мақтауға құлшынып отырмын.  Сен тума талантыңды еңбекқорлығыңмен шыңдаған адамсың. Талмай ізденіп, ұстаған жолынан танбаған, қажыр қайратың, сабыр шыдамың осындай биікке  жеткізді.Бұл мақтау саған емес, бойыңа дарын, ойыңа нәр берген, үлгілі тәрбиелі ананың бойна жаратқан «Аллаһқа» тиесілі. Ал, сол дарыныңды шыңдауға, жетілдіруге мүмкіндік әкелген тағы да айтам, «Аллаһтың» рахым нұрымен келген «Тәуелсіздік», яғни «Қазақ елінің дербестігі» деп білемін. Сен қаршадайыңнан ауылда өстің. Қазақы тәрбие көріп, ертегі тыңдап, қазақтың қара өлеңімен сусындадың. Күмбірлеген күй естіп өстің, сөйтіп, өнерге құштарлығың ерте ояанды. Оған әкең Сақайдың он саусағы жорғалаған күйшілігі әсер еткені даусыз. Ақ көңіл, бала сияқты ақ жарқын кішпейіл мінезің анаңның ақ сүтімен келді. Ашуланғаның бес минутқа, ренжігенің он минутқа жетпейді. Мен саған шамамның келгені,жазушылық шеберлігімнің шеңбері, ақындық шабытымның шыңына жеткенше мақтаған болдым. Тақ үстінде түк бітірмесе де қонжиып отырған бастықтарды да мақтаймыз ғой. Оның қасында еңбегі бар, айтарға сөз, жазарға тақырыбы бар адамдарды жазу бізге де мархаббат. Енді Құрметтің атқарған игі ісін қағазға түсірейін, мақтауға тұрарлықпа көз қарақты оқырман өздеріңіз бағамдаңыз.

P1050463Құрмет Монғолияның Бай-өлке аймағында дүниеге келген. Әкесі Сахай Монғолияның ішкі істер органында басшы болған, полковник шенін алған адам. Өнерлі күйші болыпты. Анасы Базархан ұзақ жыл бала тәрбиелеген ұстаз. Керейлер Абылайханнан төре сұрағанда Әбілпейіздің ұлы Көгедайды жібергенде, Көгедай төреге серік, ақылшысы, дін таратушы болып бірге барған Есілдің жағасын мекен еткен Сарғалдақ қожаның ұлы Жәмші барған. Жәмшіні артынан іздеп барып, інісі Қозбағар тұрақтап қалған. Анасы Базархан Қалтабайқызы, сол Қозбағар қожаның ұрпағы. Жәмшімен Қозбағар Айғаным ханшамен бір туысады. Сарғалдақ қожамен Мұхтар Әуезовтың бабасы Бердіқожа ағалы, інілі адамдар. Сарғалдақ қожа Бұхарда оқыған өте сауатты адам болыпты. Абылайханға кеңесші, соңынан Ергенекті уақтың старшыны болған. Сарғалдақтың Зура деген, апайын Абылайхан алса, қызы Айғанымды оның ұлы Уәлихан алғаны белгілі. Құрмет шындығына келсе атажұрты мен қатар, ет жақыны нағашы жұртында жүрдесе болады…Құрмет 1969-1973 жылдары Ұланбатырдағы мұғалімдер мектебінің музыка бөлімін үздік бітіріп, 1973-74 жылы Үркіттің Шығыс-Сібір мемлекеттік университеттінде дайындықтан өтіп, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факултетіне түсіп, 1979 жылы ойдағыдай бітіреді. Ол 1979 -81 жылдары Ұланбатырдағы мұғалімдер мектебінде ұстаз, 1981-1990 жылдары Бай-өлке аймағының қазақ музыкалық-драма театрында хор жетекшісі болады. 1993 жылы ата жұртына көшкенге дейін, Бай-өлкедегі педагогика коллежінде ұстаздық етеді. Құрмет еңбек еткен жылдары сазгерлігімен Монғол еліне танымал тұлға болып өсті.  Монғолия композиторлор одағы және Өнер қызметкерлері одағының мүшесі болды. Туған елінде Монғол тілінде  жазған романс, хорлары, әндері қәзірде сахна төрінен түскен жоқ. Құрмет техникумда оқып жүргенде үздік оқығаны үшін Монғолияның революцияшыл жастар одағының құрылуының 50 жылдығына орай «Құрмет» медалімен силанады. Сазгерлік еңбегінің жемісіне сай 1989 жылы «Озат интелегент», 1993 жылы «Монғолия білім беру ісінің озат қызметкері» атағы, төс белгімен мараппаталған. Қазақ тәуелсіздік алысымен  ата жұртын аңсап жүрген, кең далада еркін өскен Монғолиялық қазақтар атамекеніне ағылды. Алғашқы лек 1991 жылдың науырыз айының 22-жұлдызында қазақ ұлты көп шоғырланған және облыс, ауданды басқарған ұлтшыл азаматтардың арқасында  Павлодар облысының Баянауыл, Талдықорған облысының үш, төрт ауданына ат басын тіреген. Биыл Павлодар облысына алғашқы көш оралғанның 20 жылдығын осы облыста дүркіретіп тойлады. Осы облыстарға келген көштің аңысын аңдып отырған басқа облыстағы ұлтжанды азаматтарда қарап қалмады. 1992 жылы Көкшетауға алғашқы көш келіпті. Көшіп келушілердің көбі еңбек шарты бойынша  жұмысшы, малшы болып келуге тиіс болды. Бірақ, Көкшетаулық зиялы қауым өкілдері кеңесіп, Жанат Қасымов бас болып Көкшетау қаласына зиялы қауым өкілдерін әкелуге шешім шығарады. Шешім бойынша Монғолияның Бай-өлке аймағына Жеңіс Темірхан бастаған өкілдер барып бір топ зиялы, өнерлі жастарды әкелген болатын. Олардың ішінде Монғолияның Тау-кен, геология министірлігінде, Куба Республикасындағы Монғолия елшілігінде жауапты қызметтер атқарған, марқұм Захай Төлегенұлы, марқұм жазушы-журналист Баман Құрманханұлы,жас өнерпаз марқұм Бақытжан Хибатдолдаұлы, ғылым кандидаты Кәни Кәбди,  музыкант Серік Шәдетұлы, сазгер ұстаз Құрмет Сахайұлы келген еді. Келгендерді кәдірлеп силап, баспана жұмыс берді. Олар көрікті Көкшетаудың ауасын жұтып, суын ішіп дегендей, ата жұртына үйренісіп, байырғы қандастарымен етене араласып, еліне бұйырған қызметін жасап, өз үлестерін қосып жүр. Қазір өздері жоқ ағалардың, ұрпағым деп келген үміттері ақталып, балалары әр салада жемісті еңбек етіп жүр. Жалпы шеттен келген ағайындар, тәуелсіздіктің нығаю кезеңіндегі, заманның ыстығы мен суғын, байырғы қандастарымен бірге көріп, бірлесе жүріп, игі іске білектерін сыбана кірісуінің арқасында, еңбектенгендері, ықыластылары елдің елеулі азаматтары қатарына шығып, қарапайымдары өз күндерін өзі көріп, ата жұртына сіңісіп кетті. Солардың ішінде еліне еленіп жүрген сазгер Құрмет Сахайұлы, Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы қазақ педогогика коллежнің директоры Мұрат Ыдырысовтың шақыруымен, осы коллеждің  музык бөліміне ұздаздыққа қабылданып, күні бүгінге дейін жемісті еңбек етіп жүр. Ұстаздығының сыртында, сазгерлік таланты, шеберлігімен Республикаға танымал тұлға болды. Ол қазақшасы  жаңа шығып, тәй тәй басып, талпынып жүрген бұрынғы Көкшетау облысы, қәзіргіАқмола облыстық мемлекеттік филармониясының оркестіріне арнап 400-ден астам ән өңдеп және жергілікті әуесқой сазгерлердің 200-ден өлеңдерін нотаға түсіріп, клавирлеген.  Ол осы еңбегінің сыртында 5 кантата, 30 би әуені, бір музыкалық комедия жазған. Құрмет 2007 жылы Шымкент қаласында өткен балаларға арналған «Балдәурен»  ән  байқауында Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған»Жиырма сегіз батыр» әні  бас жүлде,  2002 жылы « Жәй ғана ғажайып» конкурсында С.Әлімқұловтың өлеңіне жазылған «Отан» әні, 2007- 2008  жылы  Астана қаласында өткен 1Ү-Ү Республикалық патриоттық әндердің «Елім менің»  байқауында «Аманат», «Атамекен» номинациясысы бойынша жас ақын Е.Баятұлының өлеңдкеріне жазған «Алты Алаштың ардағы», «Туған жер» әнімен  1 орын, 2000 жылы «Жаңа ғасырға жаңа ән», 2007 жылы «Астана-бәйтерек» және 2009, 2010 жылдары «Елім менің» патриоттық әндер байқауында 2 орындарды жеңіп алып, барлығы 9 мәрте лауреат 2 мәрте дипломант атанған. Балаларға арналған «Күміс қоңырау» жинағы 2 кітап болып жарық көрді. 1994, 1998, 2009 жылдары Көкшетау қаласында 3 рет шығармашылық концертін өткізген. Қазақстан композиторлар одағының мүшесі. Құрмет Сахай білім беру саласында ерен еңбектенгені үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», 2004 жылы «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен силанған. Құрметтің таланты , беделі өзі қызмет етіп жүрген педогогика  коллежінеде зор бедел әперіп жүр.  Ойда қырда ән айтылса, Құрметтің әні, оның аттымен бірге, Көкшетаудағы қазақ педогогика коллежнің аты бірге аталады. Құрмет тәрбиелеген коллеж студентерінің  «Самғау» біріккен хорының кәсіби орындаушылық шеберлігі, республикадағы осындай шығармашылық ұйымдармен бәсекелесуге тұрарлық,  қәбілет қарымы өте жоғары деседі. Ұлдардан құралған «Ұландар» және ер мұғалімдердің «Наркескен» бокалдық тобыда Көкше жұршылығына танымал. Құрмет облыстың мәдениет саласынада сүбелі үлес қосып «Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері» атағына ие болды. Белгілі сазгер, ақын жазушылар Құрмет Сақайұлының өнеріне жылы лебіздер айтып,  жоғары бағалаған. Солардан бір екеуін атайық. Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісов:-«Әнің жүрек қылын тербетер нәзік сезімге құрып, жаңа ғана бұрқ ете қалған жалындай өнер әлеміне жарқ еткен композитор Құрмет Сахай дер едім» десе, В. Шайнский:-«Нағыз Отанға деген сағыныш әніңіз маған ұнады. Балалар әндері осындай болу керек»-деп баға берген. Атақты Латиф Хамиди шәкірті  Құрметтің талантына  консерватория  қабырғасында жүргенде ақ  тәнті болыпты. Ұстазы:- « Әуеніңіз әдемі. Сізден келешекте ән жанырында үлкен үміт күтемін» деп батасын беріпті. Сол жетпісінші жылдары Құрмет жазған «Алматым» әні студент жастардың жанын тербеп, жылылыққа бөлеген жанды әндердің бірі болыпты. Қәзір оның балаларға арналған әндері қала мен ауылда шырқалып,жүздеген, мыңдаған бүлдіршіндердің жүрегіне Отанға, еліне, ұлтына деген патриоттық сезімін оятып, жігерін жанып, тәуелсіз елінің туын нық ұстар азаматтардың өсіп өнуіне зор ықпал етуде… Құрметтің атажұртына алғаш аяқ басқанда алды бастауыш, арты балабақша жасында келген балалары, өсіп ер жетіп, әр салада еңбек етеді. Зайыбы Ардагүл Мұстафа қызы ардагер ұстаз атанып, Ж.Мусин атындағы қазақ педогогика коллежінде музыка мұғалимасы және  бос уақытында Құрметтің жаңа әндеріне сын жазатын бірінші  ассиценті  қызметін атқарады..

Құрмет Сахайұлы Қазақ елінің тәуелсіздікжылдарына  арнап «Үш бақытым» атты патриоттық әндер жинағын  «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филалының демеушілігімен отандастарына тарту етті. Жинақ қазақтың аса көрнекті дүлділ ақыны, басқадан өзіде сөзіде, мәнеріде бөлек, тау тұлғасына сай, сөзі кесек, ноқтаға басы иілмеген, заманның еленбеген заңғары Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіне ән жазылып, қиыннан қиыстырылып жазылған, ұлтына ұлы рух беретін нәр қуаты мол  сөзге жазылған, мәнді ән болып шыққан соң, кітаптың атауыда осылай аталыпты. Ақын ішін сызып, сазгер сыртын әрлеген әнде:-«Ең бірінші бақытым-халқым, екіншісі-тілім, үшіншісі-Отан»-депті.  Олай болса:-«Тәуелсіздік-бақыттың шыңы»- дер едім.

Тәуелсіздік болмаса, осы жолдар жазылама, жазар оқиға өрбиме…Одақтың езгісіндегі-қазақты, әлем бүгінгідей білеме, шет жайлаған екі қазақ келіп, бірі тәуелсіздікті жырлап, бірі тәуелсіз елімен, еңбектенген ерін жыр етіп жазама…

Тәуелсіздік болмаса-мың бақыттан не қайыр. Азат жанның –ойы мен бойында ұлылық, өңінде жылылық, шуақ тұрады. Онда:-« Бодандықтың ұстанымы-құлдық, бостандықтың ұстанымы –ұлылық»-демеске. Құрмет сазгер, ақын Ерболат Баятұлы мен бірігіп, тәуелсіз елінің, тәуелсіздігін жыр етіп «Тәуелсіздік-ақ таңым» әнін жазып, көпшілікке тарту етті…Көкше өңірінде жазылған, жазылатын арнау әндер, марштар, вальстер Құрмет Сахайдың қолысыз біткен емес. Келе сала «Көкшетау» вальсін жазып көпшілікке тарту еткені Көкшеліктердің құлағында күнде ойнап тұрады. Тәуелсіз қазақ елі аман болса талай ән, талай жыр, талаймарш, вальстер  жазылар… Осылай тәуелсіздіктің шапағаты елімізбен, халқымыздың игілігіне жар болып, ұрпағымыз еркін елдің, еркін ойлы азаматы болып, өсіп өне берсін, Құрмет бауырымыздың өнері өрге жүзе берсін -деген тілекпен, бүгінше, сөз тәмәм…

Дахан ШӨКШИРҰЛЫ