Тәуелсіздіктің тағылымы
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев)
1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақ елі тарихындағы Ақ түйенің қарыны жарылып Тәуелсіздікті айғақ еткен ең ұлы күні. Бұл өткен сонау замандарынан бастау алып аяулы да ардақты күндердің бастауы десем болады.
Бұл күні біз өзімізге ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен кеңдігіненәлемде тоғызыншы орын алған ұлан-байтақ даланы аманат етіп, еншімізге қалдырып кеткен ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаумен өткен асқақ арманына қол жеткізіп, қазіргі заманғы тәуелсіз мемлекеттік құруға қарай батыл қадам бастадық.Содан бері уақыт деген сынаптай сырғып, енді бір айдан соң Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыр тойын атап өтетін боламыз.
Осы сәттерде Қызыл Империяның тырнағынан шыққан тәй-тәй басқан елдіөз алдына ел қылсам деп, осы жылдар бойы жастықтағы басы жарғаққа тимей еліне деген ынтасымен елімізді өршілдігімен өрге сүйреген қазақ халқының маңдайына біткен кемеңгеріміз Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаеав еді.
1991 жылғы 1 желтоқсаны күні Қазақстанда тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтіп, оның қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы 98,78 пайыздық көрсеткішпен осы жоғары лауазымға сайланған еді. Ал 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында Жоғарғы Кеңестің мәжілісі шақырылып, онда Президентті ұлықтаудың салтанатты рәсімі болды.
Осы күндері тәуелсіздікті одақтас республикалар арасында біздің кештеу алғанымыз туралы да пікірлер айтылып қалғаны анық. Біз мұны сол кездегі ахуалды жіті бақылап тани алмағандықтан туған асығыс айыптау деп санаймыз. Ал жағдай дәл біз үшін шынында да ауырлау еді.
Осы жерде Елбасының: «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын», дегені бар. Бұл тұжырымның мәні жоғары. Себебі, алып Одақтың бір сәтте күйрей құлап, ыдырап кетуі бүкіл тіршілігі шикізат дайындап, тауар өндіруші емес, тұтынушының қызметін атқаруға құрылып келген Қазақстанның бұрынғы серіктестерінің бәрінен байланысы үзілгеннен кейін қайта қалыпқа келуі өте қиынға соғып еді.
Республикадағы барша өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының 95 пайызы Мәскеуден басқарылатын.
Дүкендердің сөрелері босап қалған, ұзын-сонар кезекке тұрғандар ызалы әрі ашулы еді. Инфляция жағыдайы өте қиын жағдайда болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 1 жылдың ішінде 9 есе көтерілді.
Сондықтан осы сәттерде Көшбасшымыз бұл орайда «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай», дағдарысты сәттерден аса көп шығынсыз шығып кетуді бірінші кезекке қойды.
Бұл үшін кешегі Одақтың нақты мұрагері болып қалған Ресеймен байланысты бірден кілт үзіп алмау керек болды. Осы кезде-ақ тұралап қалған зауыттар мен фабрикалар, жалақысыз қалған жұмысшылардың ереуілдері мен шерулеткен көпшілік, сепаратистік пиғылдағы топтар мен ұлтаралық араздықты қоздыруға дайын тұрған арандатушылар безбеннің бір басын қаттырақ басып жіберудің лап ете түсетін өртпен тең екенін пайымдатып қоятын.
Президенттің осы күндерде ТМД секілді құрылымның құрылуына айрықша мүдделілік танытуында да осындай сыр бар еді. Өйткені, кеңес кезеңінде 70 жылдай уақыт бойы дағдылы жолға түскен жоспарлы экономиканы бірден, бір-ақ күнде күйретіп тастап, оның орнына бұрын бұл жақта мүлдем қолданылмаған нарықтық экономиканы қондыра салу мүмкін емес еді.
Сол себепті де Президентіміз өзінің «алдымен – экономика, сосын – саясат» дейтін әйгілі қағидатын осы кезеңнен қолға алды.
25 жыл ішінде жеткен жетістіктердің маңыздылығын бағалай отырып , біз болашаққа сеніммен қарай аламыз. Елбасымыздың 90-шы жылдарда анықтаған стратегиясының арқасында біздің еліміз осындай аз уақыт ішінде құрметке ие, жетістіктерін танитын, сөзіне құлақ салатын мемлекетке айналып отыр. Елбасымыздың осы қиын жолда сіңірген еңбегі зор, баға жетпес.
Меніңше, екі алып мемлекеттің арасында осындай халге жетуіміз тағдырдың бізге берген сыйы, мейірімі, аманаты деп есептеймін. Біз өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің тарихын ерекше қадірлеп, сақтауымыз керек. Келешек ұрпаққа да ақылын айтып жеткізсек, біз де алып, мықты мемлекет бола аламыз.
Дүние керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Әрине, ең бастысы,жеріміздегі ұлтаралық келісім , саяси тұрақтылық, ыңтымақтастықты сақтай отырып, көптеген нәтижеге жетудеміз.
Біздің ел тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдедік. Абайдың 150 жылдығын «ЮНЕСКО» шеңберінде тойладық. «Біріккен Ұлттар Ұйымы» шеңберінде 2002 жылы Алматыда, яғни тұңғыш рет Азия құрлығында 24 мемлекет басшысын біріктіріп, кеңес өткіздік. «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылдық.
Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұнғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Алдымызда, 100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық көрме «ЭКСПО-2017». Осының бәрін бағалауымыз керек.
Жас мемлекетіміз қысқа уақыттың ішінде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда көптеген келелі, белесті кезеңдерден өтті. Қазақстанның әлем қауымдастығын құрайтын БҰҰ-ға мүше болып 193 елдің қатарына енуі өз алдына, ол жер-жаһанның жұрт санасып, ел ақылдасатын белді де беделді мемлекеттерінің біріне айналды. Әлемде өзіндік орны мен даусы бар биік беделге ие болды.
Екі құрлық тоғысындағы ел Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына абыроймен төрағалық етіп, Астана саммитін өткіздік, Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайландық.
Міне осындай елеулі істер ширек ғасыр бұрын бұл біздің түсімізге де енбейтін жағыдай еді.
Бүгінде Қазақстан тек өзі орналасқан аймақ қана емес, сонымен қатар, планета проблемалары төңірегінде пікір айтып, ой бөлісетін дәрежеге жетті.
Соның нәтижесінде дүние жүзінің мықты дамуы жоғары ең үздік 50 елі қатарына қосылуды місе тұтып алға ұмытылудамыз.
Елбасының көрегендігі, көпшілдігі, бітімгершілігі, асқан іскерлік даналығының арқасында ұзындығы 14 мың шақырымнан астам атырапты жалғайтын шекарамыздың өн бойын шегендеп, алып көршілерімізбен келісімге келіп, ешкімге ұпай жібермей бекітіп алдық.
Төл валютамыз – теңге төрімізд айналымға енді. Жаңа Ата Заңымыз қабылданып, онда қасиетті Қазақ жерінің мемлекет пен халықтың еншісі екені нақты атап көрсетілді.
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихикүшдесе де болады. Біздің біз өз еркімізбен алға ұмтылуға мемлекетболыпөркендеугежолашылды.
Тәуелсізмемлекет бола салысымен, көптегеншұғылсұрақтарғашешімтабылды. Нешетүрліауыртпашылықәкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізімәселесішешілді, тарихимұра, мәдениетіміз, қазақтіліқайтажаңғыртылды, табиғибайлығымыздыөзиелігімізгеқайтараалдық.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы,өркениетті , индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарындамыз.
Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.
Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында,біз артқа қарап Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алмасқа болмайды.
Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды.
Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.
Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек , қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл толмақ.
Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз.
Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар елдердің қатарында. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді.
Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын , ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент болды.
Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға қажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасына бұйырды.
Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш Президентіміздің есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Көшбасшының рөлі айқын және ашық көрінеді.
Бұл, меніңше, мақтаныш сезіміне бөлейтін ең маңызды жетістік.
Әрине, сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды. Маңыздыларын Елбасымыз «Қазақстан – 2030» Стратегиясының толықтай орындалуында қорытындылап кетті.
Яғни, ұлттық кауіпсіз, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды.
Елбасымыз «Қазақстан – 2030» Стратегиясын қорытындылай отырып, мемлекеттің жаңа саяси бағытын жариялады. Ондағы басты мақсат 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру болды.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады. Бәріне тоқталудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Жастарға заманға сай білім берумен қатар, өңдеуші өнеркәсіпті жақсарту мақсатымен жаңа мамандар даярлау керек.
Жастармен жұмысты тек сауаттылық жағынан ғана емес, мектептер мен жоғарғы оқу орындарын қазіргі заманға сай техника-құралдармен, инновациялық жабдықтармен кезең кезеңмен қамтамасыз етілуде.
Тағы айтып кететін жайт, бұл жастарды бизнеске деген құштарлығын ояту. Халықаралық тәжірибенің көрсетуі бойынша жастарды кәсіпкерлікке қолдау, жаңа жұмыс орындарды ашуымен қатар білікті мамандарды дайындауға жол ашылады.
Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдерді таң қалдырған сұрақ, қазіргі таңда көкейкесті мәселе. Сарқылмайтын энергия көздері: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу, болашақта адам баласына ең қажетті ресурс түрі. Бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасады.
Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10-нан астам халықаралық ұйымы қатысады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деген болжам бар
Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!
Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?!
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлайды. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.
Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда қарыштап алда келеді .
Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпағанымыз абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
Ғасырлар керуеніне ілескен Ұлы Дала елінің ұрпақтары небір қилы заман, қиын кезеңдерді басынан өткеріп, Тәуелсіздіктің де 25 жылдық мерекесіне таяп қалды. Тәуелсіздік – қазақ халқы үшін жай айтыла салған сөз емес, бұл қазақ халқының тарихи болмысындағы аңсаған арманы. Тәуелсіздік – барша халқымыздың күрес пен еңбек, ілім-білім мен өнерінің шабытына қамшы басқан үміт десек болады. Бұған Тәуелсіздік жолында жан аямай ерекше елі,жері, Отаны үшін Көшбасшымыздың ерлік жолдары айқын дәлел бола алады.
Еркін Исимбаев,
Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы»
АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының директоры,
халықаралық ақпараттандыру
академиясының академигі,
қалалық мәслихаттың депутаты