«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫСТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Арыс қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалалық зират аумағын абаттандыру мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Бұған дейін тұрғындар қала әкіміне мазаратты қоршау және қорғау жөнінде бірнеше өтініштер білдірген болатын. Тұрғындардың сұранысы негізге алынып, абаттандыру, қоршау жұмыстары басталды.
Сенбілікке қала тұрғындары, діни қызметкерлер және мекеме қызметкерлері бірлесіп қатысып, аумақты тазалап, абаттандыру жұмыстарына қолғабыс етуде. Ал қоршауға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды «Жасыл Арыс» КММ мекемесі қамтамасыз етуде. Бұл өз кезегінде жұмыстардың тиімді әрі сапалы жүргізілуіне ықпал етеді.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жұмыстардың барысымен арнайы танысып, сенбілікке қатысқан азаматтарға алғысын білдірді. Әкім өз сөзінде ортақ істе тұрғындардың ұйымшылдығы мен тазалықты сақтау жөніндегі үлесі ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Қоршау жұмыстарының аяқталуы мазаратты тәртіпке келтіруге және оны қорғауға мүмкіндік беріп, рухани орынның тазалығын сақтауға септігін тигізбек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі