«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Алатау мөлтекауданындағы көпқабатты үй тұрғындары арасында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы.
Бүгін Алатау мөлтекауданында Наурыз мерекесі аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Бұл шара тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, аула аумақтарын тазартуға, сондай-ақ ұлттық спорт пен дәстүрлерді дәріптеуге бағытталды.

Акция барысында тұрғындар өз аулалары мен көшелерін тазалап, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Сонымен қатар, 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орайластырылған қазақтың дәстүрлі ойындары ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар марапатталды.

Шара барысында қатысушыларға Наурыз мерекесінің символы – бауырсақ ұсынылды. Ұйымдастырушылар мен белсенді тұрғындар сөз сөйлеп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл тек тазалық шарасы ғана емес, өзіміздің ортақ үйіміз – мөлтекауданымызға деген жанашырлығымыздың көрінісі. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарды қоршаған ортаға қамқор болуға шақыру», – деді шараны ұйымдастырушы облыстық мәслихат депутаты Қарабеков Алтай.

Іс-шараға тұрғындар, еріктілер және үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен қоғам белсенділері қатысты.

Жоба аясында тиісті жұмыстар қаланың басқа да аумақтарында өз жалғасын табатын болады.

Шара соңында сенбілікке белсене қатысқан тұрғындар мен ұлттық спорттық ойындардың жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жоба №4 округтен сайланған облыстық мәслихат депутаты Алтай қарабековтың өз сайлаушыларымен тығыз қарым қатынас орнату жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.