«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
САРЫСУ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАН БАСТАУ АЛДЫ.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Үндеуінде «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» – деп, атап көрсетті.
Осы бағытта 10 сәуір күні аудан көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.
Бүгінде Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында орналасқан «Комсомол» көлінің аумағында тазалық жұмыстары өткізілді.
Акция аясында аудан әкімі Сәкен Мамытов аудан тұрғындарына тазалық акциясы аясында тазалық жұмыстарына ұйытқы, игі істерде дәнекер болуға және туған жерді түлетуге атсалысуға шақыра отырып, үндеу жасады.
Аталған шараға 40-тан аса мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын жұмылдырылып, 300-ге жуық адам қамтылды.
Жалпы, Сарысу ауданында жыл басынан бері 1500-ге жуық ағаш отырғызылып, тазалық жұмыстары белсенді ұйымдастырылуда.