«Таза Қазақстан» – табиғат үшін
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты 8 сәуір – 11 мамыр аралығында 5 апталық республикалық экологиялық акциясы Мойынқұм ауданында да қарқынды өтуде.
1-ші апта «Таза Өлке» атты апталыққа сәйкес Мойынқұм ауданында желілік кестеге сәйкес 16 ауылдық округте тазалық жқмыстары жүргізіліп, к.нделікті ауыл іші мен сыртындағы күл ұоұыстар шығарылып, өртелді.
2-ші апта «Киелі өлке» тақырыбымен 16 ауылдық округтегі 24 елді мекеннің аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер айналасына тазарту жұмыстары жүргізілді, атап айтсақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған ескерткіштер, Екі мәрте социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Биназар Ақеділұлы батыр бабамызға, батырларымыз Қ.Бөлдешов пен Қ.Рысқұлбековке арналып қойылған ескерткіштер айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, тал дарақтар егілді.
Бұл жұмыстарға аудан ардагерлерінен бастап, мемлекеттік мекеме қызметкерлер, мұғалімдер мен оқушылар, ауыл жастары, сондай ақ ауыл тұрғындары жаппай атсалысты. Акция бойынша Мойынқұм ауданында жалпы тазалық жұмыстарына 16 техника, 32 мекеме ұжымы және ауыл тұрғындарын қосқанда барлығы 3000-ға жуық адам қатысып бүгінгі таңға дейін 20 тонна күл – қоқыс шығарылды. Ақция аясында жұмыстар Мойынқұм ауданы тарапынан өз жалғасын таба беретін болады.
Мойынқұм ауданы