Жуалы ауданы аумағында «TazaLike» акциясы аясында және көктемгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша іс-шаралар өту барысы.
15 наурыз күні «TazaLike» іс-шарасына және «Көктемгі екі айлық көріктендіру, көгеріштендіру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізілді.
Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округ көшелерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету үшін жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде 400ге жуық адам атсалысып, мекемелер өздеріне бөлінген аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын өткізді.
Сонымен қатар Б.Момышұлы ауылы «Жасай бер Қазақстан» саябағында аудан әкімі мектеп оқушыларымен бірге 100 дана қылқан жапырақты және жеміс ағаштары көшеттерін отырғызды.
Жалпы аудан көлемінде сенбілік жұмыстары өткізіліп,көше бойлары мен арық-атыздар, су өткізгіш құбырлары толығымен тазаланды.
Жалпы аудан аумағы бойынша 15 наурыз күні 700 ге жуық қоғамдық жұмысшылар, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері және ерікті жастар мен аудан тұрғындары атсалысты.