🔰Тазалық – қоғамның, қоршаған ортаның айнасы.

Қала тазалығына жауапкершілікпен қарап, айналаны ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, биік мәдениеттің белгісі.
🔹Бүгін шаһарда күзгі тазалық жұмыстарына арналған сенбілік өтті. Санитарлық-тазалық шарасына қаладағы бірқатар мекеме қызметшілері мен кәсіпкерлер, жалпы шаһар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне тиісті аумақты қоқыстан тазалады.
📌Барлық жұмыстар санитарлық талаптарды сақтай отырып жасалынды.
🔹Сонымен қатар Асқаров – Сәтпаев көшелері бойына тал-дарақ отырғызылды.
📌Қала тазалығы — баршаға ортақ міндет. Осы орайда барлық тұрғындарды сенбілікке атсалысуға шақырамыз!