🔰Тазалық – мәдениеттің көрінісі, тәртіптің бастауы.

🔹Әсіресе, туристік аймаққа айналуды көздеген Тараз қаласында тазалық мәселесіне айрықша мән беріліп келеді. Бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар – сөзіміздің жарқын дәлелі. Соның ішінде талдарды балақтау жұмыстарын ерекше атап өткеніміз абзал.
Әрине, күтімсіз, бейберекет өскен тал-дарақтардың шаһардың шырайын қашырып, көркін бұзатыны сөзсіз. Оның үстіне тұрғындарға да қолайсыздық тудырады. Сондықтан оларды уақытында балақтап тұру маңызды дүние. Бұл тұрғыда облыс орталығында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
📌Қазіргі таңда «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің ағаш кесу учаскесінде 3 дана автокөтергіш, 3 дана МТЗ-80 трактор және онға жуық жұмысшы еңбек етуде. Олар қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.
🔹Мәселен, 2023 жылы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тал кесу мен балақтауға 757 арыз түскен. «Жасыл ел-Тараз» мекемесі арнайы кесте бойынша, 517 арызды орындаған. Сондай-ақ жасылелдіктер қала ішінде жоспардан тыс 1000 — 1500 талға дейін бұталайды. Бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасын табуда.