Тазалық сақшыларына ыстық шай мен бауырсақ таратылды
Тараздағы №56 орта мектептің ұстаздары «Жеңіс» саябағында суық ауа райына қарамастан қар тазалау жұмыстарын жалғастырып жатқан «Жасыл-Ел Тараз» ЖШС-ның жұмысшыларына ыстық шай мен бауырсақ таратып, оқушылар қар күреп, қолғабыс етті.
– Қаламызда бірнеше күн бойы тоқтаусыз жауған қарды тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Күннің суықтығына қарамастан тазалық сақшыларына бар күштерін жұмсап, қоғам игілігіне қызмет етуде. Олардың бұл еңбегі қандай құрметке болса да лайық әрі өскелең ұрпаққа үлгі. Сол себепті осы бір игі істі қолға алдық. Бастаманы қолдаған мектеп басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Ғалиса Жұманова.
Тазалық сақшылары да өз кезегіне мектеп ұстаздары мен оқушыларына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Жанға жылу сыйлайтын дәл осындай игі шара шаһардың бірнеше аумағында ұйымдастырылды.