Тазалық – жайлылық кепілі!

Тазалық – жайлылық кепілі!

Талдықорғанда қала көшелерінің тазалығын сақтау мақсатында күнделікті кешенді жұмыстар атқарылуда. Арнайы техниканың көмегімен негізгі үлкен жолдар мен жаяу жүргіншілер жолағы шаң мен кірден тазартылып, сумен жуылуда. Бұл шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, ауадағы шаң мөлшерін азайтуға және тұрғындар мен жүргізушілер үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, көшелердің жиегі мен жол жиектерін инертті материалдардан тазарту жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілуде. Қыс мезгілінде жолдарға себілген құм мен тұздың қалдықтары, жиналған қоқыс пен шаң арнайы техниканың көмегімен алынып, қала көшелері ретке келтірілуде.

Мұндай тазалық жұмыстары көктемнің ерте кезеңінен басталып, ауа райы жағдайы мүмкіндік бергенше жалғасады. Бұл жұмыстарға су таситын және жол жуатын техникалар, вакуумдық сыпыру машиналары жұмылдырылып, тазалау барысы күнделікті бақылауда ұсталады.

Камила ТАСТАНБЕК