ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Қаратау қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияда тәжік-ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында ардагерлер, өмірінің өлшеулі бір бөлігімен, оқ пен от арасында өткізген әскери қызметінің естелігімен бөлісіп, оқушылармен тағылымды әңгіме ағынын өрбітті.
Кеш соңында оқушылар тәжік-ауған соғысының жауынгерлеріне сауалдар қойып, естелік суретке түсті.

Талас ауданы әкімдігі