ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСҚА 27 ЖЫЛ

Бүгін Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстың орын алғанына 27 жыл. Осыған орай, қарулы қақтығыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында ҚР ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінде салтанатты іс-шара өтті. Ардагерлер құрметке бөленіп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

1995 жылдың 7 сәуірі ел тарихында қаралы күндердің бірі болып қалды. Осыдан 27 жыл бұрын Тәжікстан Респбуликасының Пшихавр таулы шатқалында әскерилер мен моджахедтер арасында 4 сағаттан аса уақытқа созылған ауыр ұыс болды. Сол шайқаста әскери борышын өтеп жүрген 17 қазақстандық жауынгер қаза тапты. Жалпы елімізден қарулы қақтығысқа 9500 азамат қатысып, өздерінің Отан алдындағы борышын өтеген. Оның ішінде 530 жамбылдық бар.

http://taraztv.kz