ТЕХНИКАНЫ ЖАҢАРТУ
— Ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету,-деген Президент:
Ауыл шаруашылығының дамуы техникалардың жағдайына тікелей тәуелді екендігін ескерсек, бұл жүйе шаруалар үшін де, жалпы агроөнеркәсіп саласының дамуы үшін де тиімді болмақ.
Осы орайда қазіргі уақытта техникаларды жаңарту мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.
Атап айтар болсақ, өңірдегі шаруаларда 12,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникалары бар.
Оның төрттен бірінің тозығы жетіп, пайдалану мерзімі едәуір ұлғайған.
Осыған байланысты облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы техниканы кезең-кезеңімен жаңартудың жоспарын құрды.
Бұған дейін жыл сайын техниканың 7-8 пайызы жаңарса, биыл бұл көрсеткіш 11 пайыздан асты. Яғни, шаруалар ағымдағы жылы жаңадан 1355 ауыл шаруашылығы техникаларын алды.
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары