«Тектен нәр алған тозбайды»…
Бірде, Құнанбай Абайдан;
«Бір бала, əкесіне жете туады,
Бір бала, əкесінен өте туады,
Бір бала, əкесінен кейін қарай кете туады»— дейді, сен солардың қайсысы боласың? — деген екен..
Əкесінің сұрағына ойланып қалған Абай, «мен өте туған бала шығармын, себебі; елдің мұңын жырлар ақын болдым ғой» — депті..
Сонда, Құнанбай; «Жоқ балам, сен маған жете туған баласың… Мен сендей ұлды, Абай етіп тəрбиелеген əкемін» — деген екен..
Сол сияқты, қаныңнан жаралған балаңның саналы, салиқалы, айбынды, айбарлы, асыл текті, ар — намысты болып ержетуі ең бірінші əке мен атаның берген тəрбиесі мен айтқан өсиетіне байланысты болмақ…
Тектілік деген — əкеден балаға қанмен берілетін дүние..Ата мен əкеден жақсы тəлім мен тəрбие алған ұлдың тексіз болуы мүмкін емес..
«Тектен нәр алған тозбайды»…
«Əкеге қарап ұл өсер» — дейді атам қазақ..
Қағанағыңды жарып шыққан туған ұлыңа үйретер ұлағатың болмай, күйретіп, күйігін ішіне түсірер балағатың болса, кезі келгенде, ол балаңның санасыз саяздығына бармағыңды тістеп, қайғырудан өзге еш амалың болмай қалады..
«Балам бар» — деп мақтанба жаман туған боқ болса» — деген екен Төле би бабамыз..
Балаңның боқ емес, от болып жанғанын қаласаң, көрегенділігіңді көрсет, тектілігіңнің алтын қазығын ұлыңның жолына қақ, ар — ұятын биік, рухын мықты етіп өсір, өрлігі мен ерлігіне қанат бітір, адаспай, алыспай жүрер тура жолын көрсет!
«Бір əкенің тəрбиесін, жүз мектепте бере алмайды»….
Сонда ғана, өзегіңді жарып тұрып өсірген ұланың тұлпардай жүйрік, қырандай алғыр, қасқырдай жүректі, батырдай білекті болады… !