Тектілік
Тектілік деген – адам бойындағы бар ізгі қасиеттердің, көркем мінездің жиынтығы. Тектілік дегеніміз – ең алдымен, өзіңді өмірге әкелген ата-анаңды сыйлау, оларды жаман атқа қалдырмау. Тектілік дегеніміз – туған туыстарыңа қарайласып, айналаға мейірімді болу, қай істе болсын ірілік таныту. Мұны басқаша өзгелердің қателігіне кешіріммен қарау, яғни «таспен атқанды аспен ату» деп түсіндіруге болады.
Тектілік қанмен келе ме, әлде оны адам өзі қалыптастыра ма?
Бұл сұрақтың кез келген адамды ойландыратыны анық. Адам бойындағы ізгі қасиеттер, ең алдымен ананың сүті, атаның қаны арқылы бойға дариды. «Қанмен сіңген сүйекпен кетеді», «қанына тартпағанның қары сынсын» деп қазақ бекер айтпаған. Тіпті, Бұхар жыраудың өзі
Жақсыдан жаман туса да,
Жаманнан жақсы туса да,
Тартпай қоймас негізге… – деп жырлаған екен. Демек, тектіден тектінің туатыны, тектілік тұқым қуатыны – ақиқат нәрсе. 1822-1915 жылдар аралығында өмір сүрген Бекасыл атты ақын:
Тектіден текті туады,
Тектілік тұқым қуады.
Тектілердің тұяғы,
Таңдайды құз-қияны.
Шын тектілер халқы үшін,
Өлімге басын қияды.
Жақсы, жаман деместен,
Жанына жұртын жияды… – депті.
Демек, текті дегеніміз – халқы үшін басын өлімге қиятын, жұрты үшін жайылып төсек, жиылып жастық бола алатын адам. Ал мұндай мінез адамға, біріншіден, ата-анасынан, бабасынан жұқса, екінші жағынан, тәрбиемен келеді. Өз-өзін тәрбиелеуі арқылы да адам жақсылық жасай алады, ізгілікті тарата алады. Әркім – өз амалының тұтқыны десек, кішкентай жақсылықтары арқылы да өзгелерге көл-көсір пайда тигізіп, тектілік, көргенділік танытуға болады.
Интернеттен
ТЕКТІЛІК
(қазақтың текті ұрпақты қалыптастыру жолдары)
Тек, тектілік, текті ұрпақ дегенге көптен ойланып жүрген едім. Тек, тектілік деген не?
ТЕКТІЛІК. Қазақтың тектілері ұрпағы азбас үшін текті жердің қызына, анасына қарап, ұлын үйлендірген, атасына қарап қызын тұрмысқа берген. Текті атадан, асыл анадан туған қызды ұлына алып беріп, текті атаның ұлына қызын берген. Тұқымын аздырмау үшін. Осындай ниеттен, істен ұрпақтарының бәрі атақты дана болмаса да, азып тумаған. Арасында бір-екеуі дана, данышпан, би-шешен және өнер дарыған бала болып туған. Ұрпақтан ұрпақ осы үрдіс жалғасып, текті жермен ғана құда болып, қыз алып, қыз беріп келе-келе бір ұрпағы: Бұқар жыраудай, Абай, Ыбырай, Шоқан, Мәһшүр Жүсіп, Құрманғазы, Ақан сері, Әлихан Байтұрсынов, Мағжан, Мұқтарлар, Бауыржан, Мұқағали, тб туған.
Қазақ ұрпақты осылай ғасырлар бойы асылдандырып отырған. Ұрпағын тексіз етіп тудырмауға тырысқан. «Анасына қарап, қызын алып», «атасына қарап қызын берген». Міне, осы текті туған ұл елге басшы һәм пана болатын. «Өзім» деп емес, «ЕЛІМ» деп сөз айтып, ині іс жасайтын. Әділдіктің туын берік ұстап, сертіне берік болып болатын. «Елім» еңіреп, «жерім» жатпай-тұрмай күресетін ер болған. Текті атаның ұрпағы солай болған.
Кешегі кеңес дәуірінде жақсылар қудаланып, атылып, қамалып, жер ауып қазақтың игі жақсылары, зиялылары өлген өліп, тірісі бас қайғы болып, ұрпақ туралы ойлай алмай, осы үрдіс жойылып кетті. Ұл тапқанына үйленді, қыз бұйырғанына кетті. Халық қалпынан айырылды, көп ел азды, тектілік тозды. Міне, осы күні көптеген қазақ қазақтың болмысы өзгеріп, қалпын сақтай алмай, құнды дүниесін қадірлемей, Ана тілінде сөйлемей азып, аталған даналар сияқты ұрпақ тумай жатыр. «Бір кем дүние» және
» Кемді, кем дүние» деген сол …
Оңдасын Оразов
Фотода: Мақаш правитель отбасына
Интернет желілерінен.