“ТЕКТІЛІК» НЕМЕН ӨЛШЕНЕДІ ?

Қазақ біреуден жақсылық көрсе, «текті елдің ұрпағы ғой, текті екен» деп жатады. Себебі, қазақ баласы үшін «асылдың сынығы», «тектінің тұяғы» деген сөзді есту – үлкен мәртебе.
Жомарттық, кеңпейілдік, бауырмалдық, үлкен алдында иіліп, кіші алдында сызылып тұратын адамгершілік – осының барлығы тектіліктің белгісі.
Демек, тектілік – адам бойындағы барлық көркем мінездің жиынтығы. Ол — қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну деген сөз. Текті елдің тегеуріні де мықты болады. Себебі, айналасын жақсылыққа үндеп, ортасына ізгілік таратқан қауымның ұрпағы азбайды, ұлты тозбайды.
Ендеше,
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз, — дегендей, жақсылыққа ұмтылып, артына өшпейтін өнегелі із қалдыру – әр адамның азаматтық міндеті.

(с) Бибіфатима Қадырова.