Теңгерім
Ер адамға әйелдің энергиясы өте қажет. Ерлік жасау үшін, шабыт алу үшін, жаңа белестерге шығу үшін, арманға қанат бітіру үшін. Бұл рас. Себебі ер адамды Құдайдың өзі үздіксіз қозғалыс етіп жаратқан. Ол алға ұмтылмаса, күш-қуаты сарқылады. Құдайдың өзі еркекке кез келген биікке шығуға, кез келген қиындықты жеңуге, кез келген мақсатты еңсеруге рух берген.
Еркектің қолынан келмейтін бір ғана нәрсе – өз бетімен энергия өндіре алмауы. Оны былай түсіндіруге болады: егер әйелінің көңіл күйі нашар болса, қасындағы ерінің отбасы үшін әлдене істесем деген ниеті өшіп қалады. Ер мен әйел бір-біріне өте қатты тәуелді. Әсіресе, ер адамның күш-қуаты әйелдің ішкі көңіл күйіне қатты тәуелді.
Әйел біткеннің бәрі энергияны генерация жасайды. Көбі соны білмейді де. Әйел энергияны ауадан да жасай береді. Әйелдің бәрі энергиясын қор қылып жинайды. Сосын шығындайды. Кей үйдің еркегі қозғалғысы келмейді. Сондай үйдің әйелі өзіне сұрақ қойсын:
— Мен күш-қуатымды ақша табуға жұмсап жібермедім бе? Мүмкін күшімнің бәрі сыртқа кетіп жатқан шығар?
— Күйеуім туралы ұмытып кетпедім бе? Баланың тәрбиесіне дұрыс көңіл бөліп жүрмін бе?
— Күйеуімнің не ойлайтынына мән берместен өзімді жетілдіруге көп уақыт арнап кетпедім бе?
— Бәлкім, мен бұдан да артық күйеуге лайықпын деген ойым өшпеген шығар?
— Әлде өз мақсатыма жетуге тым көп көңіл бөліп жүрмін бе?
— Неде болса мықты боламын, күнім ешкімге қарамайды, әрдайым өз тәуелсіздігім өзімде деген ойдан арылмаған шығармын? Менің қозғаушы күшін махаббат емес, қайғы-мұң шығар?
Ойланыңыз…
Т.Полякова
Аударған Шынар Әбілда