ТЕРЕЗЕҢДІ ТАЗА ҰСТА…….

Көңіліңнің терезесін таза ұстасаң әлемнің өзі әдемі көрінеді.

Асханасының терезесіне қарама-қарсы тұрған көршісінің әйнегін әйелі күнде сөгеді екен. “Тазалық дегенді білмейді осылар. Айғыз-айғыз болған әнектерін әйелі сүртсе болады ғой. Қарап отырып мен ұяламын-деп қояды екен анда-санда.

Ертесіне:”Ойбай! Көршілерге ес кіріпті ғой. Бүгін әйнектері жылан жалағандай тап-таза ғой. Қабырғаның да құлағы бар деген. Кешегі менің сөзімді естіп қойды ма екен әлде бұлар-деп әйелі ауыз жиғаны сол еді.

Күйеуі; “Таң атпай ерте тұрып өз тереземізді өзім айнадай қылып жуып қойдым. Өзіміздің терезедегі бес батпан кірден, әлем құбыжық болып көрініп жүр екен ғой саған дегенде, әйелі кірерге тесік таппай қалды-дейді.

Көбіне біз әлемге көңіліміздегі өз тереземіздің әйнегінен қараймыз. Әлемнің әдемілігін көргің келсе өз терезеңді алдымен өзің таза ұста……

МАҚСАТ СҚАҚОВ.