ТЕРІС АУЫЛЫ БЕКТЕМІС КӨШЕСІНЕ КӨШЕ ЖАРЫҒЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

💡 Көшелердің бойына орнатылған жарықтандыру шамдары ауызсу, газ, жол және байланыс салалары секілді ауыл мәдениеті мен көркінің ажырамас бөлігі болып есептеледі.Өңірдің келбетін айшықтайтын көше шамдары жолаушыға жол көрсетіп, түнгі уақытта қауіпсіздігіне қорған болады.
⚜️ Осы орайда, Көкбастау ауылдық округіне қарасты Теріс ауылы Бектеміс көшесінің 1 300 м қашықтығын құрайтын көше жарығы жүргізіліп, 32 жарық бағаналары орнатылды.
🏗 Аталған жұмыстарды мердігер мекеме ЖК «Шах» жүргізді.