🔰Теріс ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.
Денсаулық сақтайтын – дәрігер болса, олардың халыққа қызмет жасауына мүмкіндік жасайтын – емхана. Теріс ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, ауыл жұртшылығы қуанышқа кенелді.
Ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының әлеуметтік деңгейі мен тұрмыстық әл-ауқатын арттырудың аса маңызды құралы ретінде денсаулық сақтау саласын дамытуға көп көңіл бөлу керектігін тапсырғандығын айта өтті.
Ғимараттың лентасын вице-министр Жандос Бүркітбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев кесті.
Берілген жаңа амбулатория 10 адамға дейін қабылдап, медициналық қызмет көрсете алады.