Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті
Аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті комиссия отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері мен жұмыс тобының құрамы және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде «Бұқаралық ақпарат құралдарында діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағыттағы материалдардың жариялануы», «Байқадам ауылдық округінде терроризмге қарсы күрес бағытында діни ахуалды жақсарту бойынша қабылданған шаралар» және «Аудандық терроризмге қарсы комиссияның 2022 жылы өткен отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы» мәселелері қаралды.
Екі мәселе бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Алтынбекова баяндап өтсе, Байқадам ауылдық округінің әкімі М.Өксікбаев округтегі дін бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.
Сарысу ауданы әкімдігі