ТЕТІГІН ТАПСАҢ ТҮЗЕЛМЕЙТІН ЕРКЕК ЖОҚ!

Жеті баласымен ажырасып жатқан астаналық азаматша туралы мақала осы посты жазуыма себеп болды. Қазір не көп — АЖЫРАСУ КӨП. Барлық әйелдің айтатын уәжі: «Ол АЛҚАШ», «Ол ОҢБАҒАН!», «Адам болмайды» немесе «Қол көтереді», «Талай жыл шыдадым, шыдамым бітті» сияқты ӨЗІН-ӨЗІ АҚТАУ СЫЛТАУЛАРЫ. Сөзіме мән беріңіз — «өзін-өзі ақтау» деген сөз тіркесін бекер айтқан жоқпын. Яғни, әйел вдам қоғамдағы сөз, пікір, ой өзіне қарсы болмауы үшін, Еркекті оңбаған, өзін соның құрбаны етіп көрсеткісі келеді. Қазақта керемет мақал бар: «Еркекті күн ететін де, жүн ететін де әйел» немесе «ЖАҚСЫ ӘЙЕЛ жаман еркектің басын ТӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ, ЖАМАН ӘЙЕЛ жақсы еркектің басын КӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ». Халқым айтса қалт айтпайды ғой. Нақыл сөздің астарына үңілсеңіз мағынасы өте терең. Иә, келісемін, қазіргі қоғамда жаман еркек (ішімдікке немесе құмар ойындарына әуес, тәрбиесі таяздау) болуы мүмкін. Сіз өмірлік жарым деп, ЕТЕГІНЕН ҰСТАҒАН СОҢ, одан бытырлатып бала туған соң, ыстығына күйіп, суығына тоңбайсың ба? Тәрбиеле, АДАМ қыл! Бүкіл отбасындағы кикілжің мен ажырасудың негізгі себепкері ӘЙЕЛ. Азаматының жаманын жасырып, жақсысын асырып, шаңырағының шаттығы мен берекесін де ҰСТАП ОТЫРАТЫН әйел. Сондықтан, айналайын ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚЫЗДАРЫ АҚЫЛДЫ БОЛЫҢДАР! Еркектерден дәрежеміздің бір саты төмен екенін, ӘЙЕЛДІҢ ЖӘННАТЫның кілті КҮЙЕУдің табанының астында екенін ұмытпайық. Алла әр шаңыраққа береке берсін. Әмин.

Кенжегуль Тергембаева фб парақшасынан