Тігіншілік тек өнер емес, табыс көзі
Ұйым ауылының тұрғыны Данабекова Жансұлу Мейрамбекқызы мемлекеттің қолдауына ие болғандардың бірі. Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, «Жансезім» тігін шеберханасын ашқан. Қазір 1 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Тігіншілікті 5 жасымнан әжемнің қасында жүріп үйрендім. Негізгі мамандығым мұғалім. Бұған дейін Астана қаласында мамандығымен жұмыс істедім. Кейін ауылға көшіп келгеннен соң біраз уақыт жұмыссыз отырдым. Мемлекеттік қолдау, қайтарымсыз грант туралы естіп, құжат тапсырдым. Оқу курсынан өтіп, жобамды ұсындым. Жобам қолдау тауып, 1380000 тенге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Қаржыға тігіншілікке қажетті материалдар мен тігін машинасын алып, үйдің ауласынан шағын цех ашып, жұмыс жасап жатырмын. Үйдің тұрмысына қажетті көрпе, жастық, құрақ көрпешелер тігемін және өзге де тапсырыстар қабылдаймын, — дейді Жансұлу Мейрамбекқызы.
Кәсіпкердің қолынан шыққан бұйымдар үлкен сұранысқа ие. Алға қойған жоспарлары да көп. Алдағы уақытта бірнеше адамды жұмыспен қамтып, округ орталығынан тігін шеберханасын ашуды көздеп отыр.