TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр
Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту жоспарын бөлісті.
Бұл туралы ол Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ұлттық компания.
2018 жылы іске қосылған TikTok-тың халықаралық нұсқасы бір миллиардтан астам дүниежүзілік ай сайынғы аудиториясы бар жетекші жаһандық интернет-платформалардың бірі.
TikTok өкілдерінің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ай сайын платформаны 7 миллионнан астам тіркелген пайдаланушы қолданып отыр. Компания әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда білім мен мәдениеттің дамуына ықпал ету саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.
Олег Соколов TikTok-тың Қазақстан аумағында ұлттық театрлар мен музейлерді ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-ағартушылық контентін күшейту ниетін атап өтті.
Өз кезегінде Алмас Айдаров Қазақстанда компанияның өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып, компания еліміздегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.