ТІЛ ЖАРАҚАТЫ КЕТПЕС…

Әкем Матай : » Ертеде тілі барлар халық болған.
тілі жоқтар балық болған.
Тура тілді тыя алмадым ,
Туғаныма сыя алмадым » — деп жиі айтатын еді.
ТІЛ жылатады да , жұбатады да. «Бал тамған тілден
у да тамар» — деп үлкендер бекер айтпаған.
Тілдің тəттісі иесіне бал жегізер , ащысы иесіне таяқ жегізер дегендей , ТІЛ сүйексіз болса да ,
СҮЙЕКТІ сындырады.
Бірде ТІЛ үлкен жиында мас болып , ойына келгенді айтып , төбелес болып , сүйектер таяқ жепті.
Таңертең тұрып ТІЛ сүйектерден : «Халдерің қалай ?
Неге ерте тұрдыңдар ? «- деп сұрапты.
Сонда СҮЙЕКТЕР: » Сенің тыныш жүрсең , біздің
қалымыз жаман болмайды. Кеше сүйрендеп сөйлеуің сен сөйлеп , таяқты біз жедік «- деп
ренжіпті…
» ТІЛ СҮЙЕКСІЗ БОЛСА ДА, СҮЙЕКТІ СЫНДЫРАДЫ»
деген мақала содан қалған болар.
Шынында ТІЛ БАС ҮШІН ЖАУАП БЕРЕДІ.
Адамзаттың адамдығы оның тіліне байланысты
екенің ұмытпайық…
Тілге абай болайық…АШУДА АҚЫЛДАН БҰРЫН ТІЛГЕ КЕЗЕК БЕРМЕЙІК…
Қазақта:» Әке- шешең жынды болса, байлап бақ»
деген, сол сияқты сумандаған тілге ие болайық…

Райхан Матаева фб парақшасынан
Астана 2019жыл.