«Тілдарын» қалалық  олимпиадасы  қызы түсті

Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қалалық жастар арасында «Тілдарын» қалалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қаланың 8 ауданынан келген 26 жас бақ сынады.

Олимпиада негізі үш шартпен өтті. Бірінші шарты: таңдаған тақырыбы бойынша презентация өткізу болатын. 25 санның ішінен қалаған санын тандап, шыққан тақырып бойынша 3 тілде сөйлем құрау. Бұл сында кейбір  жастарымыз қазақтың мақалының мағынасының астарын түсінбей, күмілжіп қалыпта жатты.

Бір байқағанымыз, қазақ тілінде сөз таппай қиналып тұрған кей қатысушылар орыс пен ағылшын тіліне келгенде сайрап тұрды.

Алайда, 3 тілді бір тілдей сөйлейтін кейбір қатысушылар шешендігімен, тапқырлығымен, таңдаған тақырыбын қызықты етіп аша білгені баршамызды тәнті етті. Осындай жастарымыз көп болса, еліміздің болашаққа деген сенімі де мол болмақ.

Бірінші орынды Түрксіб ауданынан келген Азаматтық авиация академиясының студенті Доврашева Аэлита, екінші орынды Альдикенов Ергем, ал үшінші орынға Бекбауов Салауат ие болды.  26 жастың ішінен суырылып алға шығып, жеңімпаз атанғаны Астана қаласында өтетін республикалық  «Тілдарын» олимпиадасына қатысу құқығына ие болды.

Бас қаламызда өтетін олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен кілең үздіктер келетін бұл сайыста Доврашева Аэлитаны алда ауыр сынақ күтіп тұрғаны анық. Алматылық үміткерімізге сәттілік тілейміз!

 

Нұржол Табиғат