ТІЛДЕГІ «ТІКЕНЕК» немесе «ТЕЗЕК ТЕРУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Үйдің жанындағы паркте немеремді ойнатып жүр едім, екі кішкентай бала төбелесіп қалып, аналары оларға «адвокат» болып, бет шайысып қалды. Біраз ұрсысқаннан кейін, бір әйел орысша боқтап жіберіп еді, екінші жақ оған жауап қайтара алмай, қолын бір сілтеп кетіп қалды. Пошла ты на …, деген құлаққа керемет түрпі естіледі екен. Осындай сөз естігенде мәдениетті адам оған ешқандай қарсы аргумент таба алмай, өз жөніне кеткенін көзім көріп, қолыма қалам алдым…
Мемлекттік тіліміздің тоқырауы соншалық, бір ауыз орысша білмейтін қандастарымыз тек қана орысша боқтасып жатқанынан құлақ сасиды… Бұл тұрмыстық -тіршілікте, от басы — ошақ қасындағы әңгіме.
Ал, мемлекеттік деңгейде қарасаңыз… Бір де бір банк, бизнес, халықаралық келісімдер мен кездесулер мемлекеттік тілде жүрмейді және хатталмайды! Білім беру, тренинг, сот, әкімшілік, көптеген мемлекттік және мемлекеттік емес органдар тілді менсінбей жатқаны өзекті өртейді. Мемлекеттік тіліміз тезек теріп кетпесе деген ізгі ой еді…
Орыс тілі бай тіл деген миф қана екені жайлы талай адамдар жазды да, тіпті БҰҰ ол тілді қарым- қатынас тілінен алып тастаған! Осыдай бай деп мақтаған тілді біраз сараптап жазған адамдар да бар… Кейбір боқтық сөздерге сараптама жасап дегендей… Ел басқарып отырғандардың өзі: -Мочить будем в сортире немесе Наш народ такой ушлый, — деп, жатса, басқаға не сорым?!!!
P.S.
Бір — екі орыс тіліндегі сөзге талдау жасап едім, мұнда салу мүмкіншілігі болмағандықтан, сала алмадым))))