Тілге ие болу
Үш патшаның бірі айтады:
«Бүкіл өкініштерім айтқан сөздерімнен болды. Айтпаған сөздерімнен мүлдем өкінбедім.»
Екіншісі айтады:
«Айтпаған сөздерімнің иесімін. Бірақ айтқан сөздерімнің тұтқынымын.»
Үшіншісі айтады:
«Кейбір сөздерді айтуға күшім жетті, бірақ айтқан сөздерімді қайтарып алуға күшім жетпеді.»
Күмәнды сөздерден сақтанған, күлімдеген жүзді болған, адамдарға мейірімділік еткен, қажетті дін ілімдерін үйренген және дұрыс сөйлеген адам мүнафық (екі жүзді) бола алмайды.
Тілге ие болу
Тіліне ие болмаған адамды шайтан әрқалай ойнатады. Үлкен құздың шетіне келтіріп, құлатады, пәлекеттерге душар қылады. Адам тіліне ахлақ тізгінін тақса, дүние және ахирет бақытына қауышады. Егер бос қалдырса зияндарға ұшырайды.
Мүшелердің ең көп қарсы шығатыны тіл. Қалаған тарапына оңай кете алады. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Әр күні таңертең мүшелер тілге мынадай деп жалбарынады: Біздің атымыздан сөйлегенде Аллаһтан қорқ, жаман сөз айтпа, бізді отқа тастама! Біздің дінге мойынсұнып немесе мойынсұнбауымыз саған байланысты. Сен дұрыс болсаң, біз де дұрыс боламыз. Сен бұрыс болсаң, біз де бұрыс боламыз» (Тирмизи)
Хазреті Лұқманға «Бұл дәрежеге қалай жеттіңіз?» деп сұрағанда «Дұрыс сөйлеу, аманатқа қиянат етпеу және пайдасыз сөздерді тәрк етумен жеттім» деп жауап береді.