«Тілге тиек- Жамбыл жырлары!» атты аудандық фестиваль өтті

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Халықаралық ана тілі күні мерекесі аясында , екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға-Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Тілге тиек- Жамбыл жырлары!» атты аудандық фестиваль өтті.

 

Кешті Мойынқұм аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Мұқашев Мәлік Мұратәліұлы ашып беріп, қатысушыларға ізгі тілегін жолдады.Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл- медресе, мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Жамбыл өлеңдері әлемнің барлық тілдеріне аударылған және жарияланған. Жыр алыбы- Жамбыл шығармашылығына арналған фестивальге ауданымыздың әр елді мекендерінен 25 үміткер қатысып, ақын өлеңдеріне деген құмартушылықтарының дәлелі ретінде жырларын жырлап, өлеңдерін нақышына келтіре оқып, көрермен ризашылықтарына бөленді.