«Тілшілік- тіршілік»
БАҚ өкілдері үшін кезекті пресс-тур.Бұл жолы журналистер Байзақ ауданындағы бірқатар жайылым жерлер мен егін алқаптарын аралап, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.
Ең алдымен тілшілер қауымы Жетібай ауылдық округі, Аққия ауылындағы «Алпысбай» шаруа қожалығына барды.Қожалық ауыл шаруашылығы техникаларын көрді.Келесі бағыт — Жаңатұрмыс ауылдық округі, Жаңатұрмыс ауылындағы «Мади» шаруа қожалығы болды. Шаруа қожалық 2012 жылы құрылған.Шаруашылыққа қатысты барлық техникамен жабдықталған. Жылына жылына 180 тонна арпа өндіріп, мал шаруашылығымен де айналысады. Қожалық 600 бас қой, 55 жылқыны бағып отыр.Бұдан соң, БАҚ өкілдері Түймекент ауылындағы «АгроХолдинг ASPAN» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысын бақылады.2020 жылы құрылған кооператив егін шаруашылығымен айналысады.Шаруашылықта 2 трактор,1 комбайн, 9 жаңбырлатып суару қондырғысымен жабдықталған. Журналистер келесі кезекте Көкөзек ауылындағы «Бүтінбаев» шаруа қожалығына ат басын бұрды. Шаруа қожалығы 2003 жылы құрылған. Ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталған.Мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде қожалықта 1000 бас қой, 40 жылқы, 50 мүйізді ірі қара бар.
Баспасөз-турының соңында журналистер жер қатынастары басқармасы басшысына биыл игерілген жерлер мен алдағы жоба-жоспарлар туралы сұрақтарын қойды.Пікір алмасты,ой бөлісті.
Айта кетейік, пресс-тур Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өтті.Алдағы уақытта осындай баспасөз-турлары жалғасатын болады.