ТІСТЕГЕННІҢ АУЗЫНДА…….

“Қапиямды аңдығандар, қапсыра құшақтаған болып, қабырғамды санады”-демей ме атам қазақ. Бүгінде қара қазақтың қапиясын аңдып қабырғасын санағысы кеп отырған қаншама қара ниетті, қара күштер бар.
Себебі жер үлкен, қазба байлық жетерлік. Оларға қазақтың төртеудей түгел болып төбедегіні алғаны қажеті жоқ. Қайта алтаудай араздастырып аузындағысынан айырылғанын қалайды.
Бір-бірімізбен таласып-тартыссақ олардың жаны кіреді. “Ел ішіне жік салып, жау кіргізер арадан”- деген осы. Себебі құндылық жоқ жерде, елдің құны да бес тиын.
Бүгінгі қазаққа қандай құндылық керек?
Жат жадынан түңілу үшін, алдымен өз-өзіңді жаттай сыйла. Бүгінгі құндылықтың көкесі осы. Тіліңді, діліңді, дініңді, салт-дәстүрмен әдет ғұрпыңды жандандыр.
Себебі бұлар ұрпақтың санасына сіңіретін құнды дүниелер. Біреудің қаңсығына, таңсық болған заманда, басқаныкіне алданып, қолыңдағы өз ұлттық құндылығыңнан айрылып қалма.
“Бірлік бар жерде, тірлік бар”- деген мақалды біз бүгінде “Тірлік бар жерде бірлік бар”- деп айтқанымыз дұрыс ау?
Себебі бірлік өзінен-өзі келмейді, тірлік бар жерде ғана адамдар бірлікке ұмтылады, алға жылжиды. БІздің осы күнгі тірлігіміз ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, бірліктің жолында елге аянбай қызмет ету болса керек.
Құндылығын қастерлеп, соның жолында тірлік қылмаған елдің, бірлігі де баянсыз келеді. Ол елдің ырысы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. Түбі ұрпағының түбіне жетеді. Сіз не дейсіз???……
МАҚСАТ СҚАҚОВ.