ТОҒЫЗКЕНТТЕГІ КЕЗДЕСУ
Мемлекет басшысының әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі есептік кездесуде тұрғындарға 2024 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Әбілда ауылында өткен кездесуде ауданда атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан басшысы Тоғызкент ауылдық округінде де жүзеге асқан жобалар мен алдағы жоспарланған жұмыстарға да тоқталды.
«Қуатты өңірлер-ел драйвері» ұлттық жобасы аясында 26,3 млн. теңгеге Тоғызкент ауылына кіре беріс жолы (730 метр) орта жөндеуден өткзіліп, көлік қозғалысына берілді. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 55,9 млн. теңгеге Тоғызкент ауылындағы Т.Аубакиров (0,320 км) және Есмырза (1,150 км) көшелерінің жол жабынын орташа жөндеуден өтті. 1,7 млн.тенгеге Тоғызкент ауылындағы Үшарал көшесіне жарықтандыру жүргізілген. Көшелердегі тұрғын үйлерге QR-кодты ашлангтар дайындалуда. 14,7 млн.тенгеге Тасыбаев атындағы саябаққа жаздық сахна салынуда.
Сондай-ақ, Тоғызкент ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу, Жарма каналына гидропст салуға ЖСҚ әзірлеу, Тоғызкент ауылындағы «Жанна» балабақшасына блок-модульді газ жүйесін салып, газға қосу, Тоғызкент ауылына спорт зал құрылысының жобасын түзетуден өткізу, Әбілдә ауылы Елімбай көшесімен Майлыкөл ауылындағы Орталық көшесіне асфальт жабындысын төсеу бойынша ЖСҚ дайындау жұмыстары жоспарланып отыр.
«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша Тоғызкент ауылдық округінде 75,6 млн. теңгеге 13 жоба іске асырылады деп күтілуде.
Аудан әкімі биылғы жылдың қаңтар айындағы тұрғындармен кездесуде көтерілген мәелелер бойынша атқарылған жұмыстарға, шешімін тапқан мәселелерге де тоқталды.
Жиын барысында тұрғындар Талас өзенінің суының келуі, ауыз су, жол мәселелері, Үшаралдағы Құрөзектен келетін суды бұру, арна қазу сияқты мәселелерді көтеріп, ой-пікірлерін айтты.
Сәкен Үмбетұлы көтерілген мәселелер бойынша жүргізілетін жұмыстарды айтып, бақылауға алып, жұмыс жасау үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.
Ауыл тұрғындары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Аудан әкімі биылғы жылы да аудан тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлесе атқару керектігін айтып жиынды қорытындылады.