Тоғызтарауда әкімшілік ғимараты ашылды
Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл ауданында екі бірдей әкімшілік ғимарат қолданысқа берілді.
Оның бірі Қаракемер ауылында ашылса, келесі нысан шалғай ауыл — Тоғызтарау ауылдық округінде.
Жаңа нысанның ашылуына келген аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков қатысты
Ендігі кезекте жаңа әкімшілік нысан тұрғындарға сапалы қызмет ұсыну керектігін жеткізген аудан басшысының орынбасары округтің әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар міндеттер тұрғанын алға тартты.
Нысанның ашылуына аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев және ауыл қариялары қатысты