«Тоқтар ұйымдастырған» деген қылмыс осымен тоқтаса игі

Бас прокуратурада «Шымкент пиво» ЖШС бас директоры Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істің тергелу барысы туралы брифинг болып өтті. Оған Бас прокуратураның департамент бастығы Құсайын Игембаев пен ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасёв қатысты.

Құсайын Игембаев , Бас прокуратураның департамент бастығы:

— Бұрын хабарлан- ғандай, арнайы прокурордың басшылығымен ведомствоаралық арнайы тергеу тобы трансұлттық қылмыстық топты қаржыландыру, ұйымдасқан қылмыстық топты басқару, заңсыз есірткі заттарын сақтауға күдікті ретін- де «Шымкент пиво» ЖШС бас директоры Тоқтар Төлешовке және оның айналасындағы бірнеше адамға қатысты қылмыстық істерді тергеуде. Көрсетілген әрекеттермен қатар, Төлешовке ауыр және аса ауыр қылмыстар, соның ішінде адам ұрлауды және өлтіруді ұйымдастыру, түрлі дәрежедегі дене жарақатын келтіру, бөтеннің мүлкін қасақана жою, рейдерлік тәрізді қылмыстар бой- ынша айып тағылуда. Қазіргі кезде Төлешовтің жалпы қылмыстық істерге ғана емес, сонымен қатар конституциялық құрылымның негізіне қарсы қылмыстарға да қатыстылығы анықталды, — деді.

3

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасёв:

— Тергеу органдарында Төлешов мырзаның бұрын билікті басып алуға дайындалу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізгені, ал өткен жылдан бастап нақты қадамдар қабылдағаны туралы толық мәліметтер алынған. Оның әрекет ету жоспары шиеленісті ошақтар құру арқылы наразылық акциялары және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыра отырып, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруды қарастырған, осылардың аясында балама үкіметті қалыптастырып, әрекет етуші биліктің құрылымын өзгертуді жоспарлаған.

 Біздер Атырау, Астана, Алматы, Орал, Қызылорда қалаларында «жер реформасы» деп аталатын қарсы наразылық акцияларын Төлешов мырза өткен жылдың желтоқсан айында дайындап, қаржыландырғаны ту- ралы дәлелдер алынды. Наразылық акциялары бұдан да ертерек өтуі тиіс болғаны толықтай анықталды. Бірақ та Төлешовтің ұсталуына байланысты оның мерзімдерін акцияны тікелей ұйымдастырушылар өз беттерінше өзгерткен, олардың кейбіреулері бүгінде құрықталған. Тергеу органдары Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де наразылық акцияларын ұйымдастыруды қаржыландыру бойынша тексерістер жүргізуде. Төлешов тергеу изоляторында бола отырып, ел- дегi қалыптасқан жағдайды пайдалануға тырысып, 2016 жылдың мамырында Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жаппай тәртiпсiздiктер ұйымдастыруға әрекеттенген. Өзiнiң жоспарларын iске асыру мақсатында Төлешов құқық қорғау органдарының бұрынғы және әрекет етуші жоғарғы лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, елiмiздiң қарулы күштерi бөлiмдерiнiң кейбiр басшылары қатарынан мақсатты түрде өзiнiң жақтастарын iздестiрген. Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары Төлешовтың қылмыстық әрекеттерiн iске асыру мақсатында пайдалануға жоспарлаған едәуір қару-жарақ, оқ дәрiлер мен жарылғыш заттарды жасырын орындардан тәркiлеген.

Өткен демалыстарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерi Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Төлешовтың бiрқатар сыбайлас жақтастарын ұстады. Олардың қатарында ҚР Бас Прокурорының бұрынғы бiрiншi орынбасары, ҚР Конституциялық Кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныпты әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы IIД-нің бұрынғы басшысы, генерал-майор Хибра- тулла Досқалиев, Оңтүстік Қазақстан облысы IIД бұрынғы бiрiншi орынбасары, полиция полковнигi Сәкен Айтбеков, ҚР Қорғаныс министрлiгi Оңтүстiк өңірлік қолбасшылығының 35748 және 55652 әскери бөлiмдерiнiң командирлерi, полковниктер Бекзат Жумин және Қайрат Пернебаев бар. Аталған тұлғалар тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына қамалды, оларға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мәселесі шешілуде. Тергеу жалғасуда. Қосымша ақпарат түсу ретіне қарай және тергеу құпиясын ескере отырып жұртшылыққа жеткізілетін болады.

 Бас прокуратураның баспасөз қызметі