ТӨЛЕБИДЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕБІНЕН 100 ЖОБА ІСКЕ АСЫП, 600-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту жұмыстарын күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы бағытта Төлеби ауданында 2025 жылы құны 17,9 млрд теңгені құрайтын жеке инвестиция есебінен 100 жоба іске асырылып, 633 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы саласында: балық және құс шаруашылығын дамыту, тамшалытып суару әдісін қолдану, жеміс-жидекті өңдеп, саумалмен сауықтыру орнын іске қосу бағытында 40 жобаның құжаты әзірленуде. Сондай-ақ өсімдік майын өңдеу, мал бордақылау алаңшасы, сүт өңдеу тауарлы сүт фермасын ашу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі