Толстой әлемі
Л.Толстойдың 22 жасында жазған өзінің өмір сүру дағдысына айналған алтын қағидаттары:
***
Əрқандай тəндік жаттығулардың машақатына шыдай біл, қиналғаныңды жұрт сезбесін.
***
Қолыңдағы мал-мүлкіңнің оннан бірін Құдай жолына садақа қыл.
***
Он есе байып кетсең де, өмір сүру дағдыңнан танба.
***
Қандай нəрсеге болмасын жан-жақты қарай білуді үйрен.
***
Таңертең тұрып бір күндік жоспар түз жəне оны жүзеге асыруды ұмытпа.
***
Басқалардың пікіріне бас қатырғаннан, өзіңше ойлай білуге тырыс.
***
Мансап үшін мал шашпа,
Атақ үшін ар сатпа.
***
Мүмкіндігінше тиімді деген жаттығулар ойлап тауып, сонымен өзіңді жаттықтыр.
***
Өзіңнен артылмайтынға — өзгені əуре етіп жүрме.
***
Ішкі сырларыңды құпия сақта, оны жер-жаһанға жар салып жүрме.
***
Жақын кісіңді жаныңдай жақсы көр.
Екі жақын кісіңді жаныңнан да қатты жақсы көр.
***
Барынша аз ұйықтауды əдетке айналдыр.
***
Күндіз оқып-үйренгендеріңді түнде қайтала.
***
Басы артық заттарыңды ел игілігіне жұмса.
***
Жақсылық жасаудың жолын тап.
***
Бəрін бірдей жақсы көре біл және бұл жақсы көруден өзің де тыс қалма.
***
Отансүйгіштік жолында ұсақ сезімдеріңді тия тұр.
***
Жағдай қаншалықты қиындай түссе, оған деген қарсы әрекет те соншалықты үдей түссін.
***
Барға қанағат қыл.
***
Бастаған ісіңді аяқсыз қалдырма…
Тəржіман: Б.М.