ТОПЫРАҒЫ МЕН РУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАТЫН ҚАСИЕТТЕР
1. Балуандық
Балуандық топырағына емес, руына, қанына байланысты болады. Балуандық көп шығатын генефонд құрамдарына назар аударсақ, мұндай ру-аталардың Қазақстан ішіндегі ең шоғырланған үш жері — Түркістан, Тараз, Ақмола облыстары.
2. Сал-серілік
Сал-серілік ауарайы қоңыржай, жасыл, көркем әрі жазық жерлерден шығады.
3. Әнші-жыршы, табиғи айтыскер(төкпе)
Суы мөлдір жерден көп шығады. Табиғи айтыскер деп Жүрсін ағаның алдын-ала дайындап шығаратын айтыскерлерін айтпаймыз.
Халық мәтелі:«Шіңгілдің суы мөп-мөлдір, өлеңші көп шығады»
4. Батырлық
Батырлығымыз бен көсемдігімізді тудыратын ең басты күш намыс екені анық. Мұндай намыс жақынына, жатырына шаппайтын жеті ата түзімін қатаң сақтаудан келеді. Өз жатырына шаба беретін арабтың арғымағы бізден аулақ болсын. Қазақтың ерлікте көп халықтан үстем тұратыны осында. Есек бағымшылығы бар адамдарда да мұндай нәрсе кем болады. Мал иесіне, иесі малына тартады. Қазақты бұзу үшін өз руынан қыз алдыра берсе, ауылдарына есек пен араб арғымақтарын таратып берсе жеткілікті. Суы көк тұнжыр, ұрғашы суық жоқ, еркек суы бар және жері үстірт , топырағы қаралтқым және тасты, шағылды жерлерден батыр көп шығады. Суды қазақтың еркек су, ұрғашы су деп бөлетінін білеміз. Ертісті халық ауызында еркек су деп айтады. Ұрғашы суларға Үбі, Омбы, Енисей қатарлылар жатады.
Халық мәтелі:«Көктоғайдың суы көк тұнжыр, батыр көп шығады»
«Ертістің суы батыр емес, Үліңгірдің суы батыр екен»
5.Әрі батырлық әрі шежіре-тарихшылық
Желі азынап тұратын үстіртті жерлерден шығады.
6.Дінқұмарлық
Шөлейтті, табиғаты жайсыз жерлерден көп шығады.
7.Мейірімділік, көңілшектік
Ауарайы ыстық әрі ойпаң жерлерден шығады.
8. Өжет, тентектер
Желі үнемі азынап тұратын жерлерден шығады.
9.Сұлулық
Бет сүйегі сүйкімді, терісі ақшыл, сүйегі көп ет жинай бермейтін ұсақ сүйекті рулар мен бөксесі асыл, сүйекті рулардың қосындысы болса, бұған жерінің биіктігі қосылса ғана сұлу адам көп шығады. Әулие, тақуасы көп болған жердің ұрпақтарынан да сұлу адам мол шығады. Ойпақ, ыстық жерлер адамның жинақылығын, сергектінін төмендетіп сұлулығының сынын түсіреді. Сұлулығының сақталу уақытын азайтады. Сұлулықтың ең шоғырланған жері — Қызылорда. Одан кейін барып Ақтөбе. Әлімұлына Ұлы Жүздерді көптеп араластырса сұлу ұрпақты көптеп алуға болады.
10. Нағыз әдеби таланттар
Топырлаған көп талантты — қарағайы жабысқақсыз, майлы шәйірді көп беретін жер шығарады.
11. Жүйрік ат
Жүйрік ат негізінен жазық, үстіртті жерлерден шығады.
12. Әрі батыр әрі ақын адамдар
Мұндай адамдар негізінен алтыны көп жерлерден шығады.
Халық мәтелі:«Көктоғайда Молқы мас»
13. Табиғи байлар
Табиғи байлар ежелгі хан, патша, би-бектердің моласы ашық және жасырын шоғырланған жерлерден шығады.
14. Бойшаңдық, ұзын адамдар
Бойшаңдық руына, қанына байланысты болады. Мұндай бойшаң, ұзын тектегі ру-аталардың ең шоғырланған жері — Тараз, Түркістан облыстары(Уақ, Сіргелі, Ошақты, Ысты)
15. Тәкаппарлық, активтік, салқын қандылық
Арғы мың жылдықтардан бері түрлі патшалықтарды билеген әртүрлі ру әулеттерінің ұрпағында тәкәппарлық, мысын басып сөйлеу, бәрі қолынан келетін адамша гүжіп(ғұжып) сөйлеу, қарым-қатынас жасау шеберлігі, салқынқандылық(белгілі қатігездік) жиі ұшырайды.
16. Ұлы батырлардың тұқымынан ұлы батыр шықпайды
Ұлы батырлар бұрынғы замандағы ұлы батырлардың емес, бұрынғы замандағы орташа батырлардың ұрпағынан шығады. Ұлы батырлардың ұрпағы барған сайын ұсақталып отырады. Олардың құшағында абыройлы атақ, мақтанқұмарлық қана қалады.
17. Күйшілік
Күйшілік негізінен бойы аласа, әрекеті жылдам, жанды келетін ру-топтардан шығады. Даңғайыр, ірі тұлғалы, әрекеті баяу топтардан мандыған күйші шықпайды.
18. Ақылды, саяси кеңесші болуға лайықты адамдар шоғыры
Бұл қанға және ескі уақыттағы бабаларының өмір тәжірибелерінен, жасаған қызметтерінен келеді. Бұл топқа Найман, Қоңырат топтары және олармен ұзақ уақыт бойы қоныстас, құдандалы болған топтар жатады.
19. Тілі, көзі тез тиетін адамдар
Біреуде алынбаған кегі кеткен намысты ерлердің тұқымынан тілі, көзі уытты жандар шықпақ.
20. Әскери ақылшылар, талантты генералдар мүмкіндігі
2 мың жылдан бері Ғұн, Сәнби империяларынан бастап, тіпті одан бұрынғы кезеңнен бастап, ұзақ уақыт бойы әскери міндет атқарған топтардың ұрпақтарын қарастыруға болады. Бұл топтарға Қыпшақ, Тама, Керей, Уақ, Сарыжомарт, Көкжарлы-Қаратай, Бура, Керейт, Кете, Адай, Тарақты Табын, Қызылқұрт жатады.
21. Терең білімді, тарихтан бері кітап сақтаушы әулет саналатын, кітап саласын ұлағаттайтын оқымысты адамдар ең көп шығатын топ Арғын болса, Ыстылардың қанында да осындай мүмкіндік бар.
Ең көп тарихшылық, ескі тамырға бойлау пен шежірешілік негізінен Керейге тән қасиет.
Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы