Тоқаев әділдікті қалпына келтірді
Тоқаев әділдікті қалпына келтірді: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақтар қайтыс болғаннан кейін марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені:
— 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Насырханұлы Әбдібековке (марқұм);
— 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі
Александр Александрович Несмияновке (марқұм);
— 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Ыбырайым Сүлейменовке (марқұм) тапсырылды.