Төрт адамды еш ренжітпе!

Әкеңді.
Анаңды.
Тумаласыңды.
Жан-жарыңды.

Төрт нәрседен тыйыл!

Уайым-қайғыдан.
Өкініштен.
Жалқаулықтан.
Сараңдықтан.

Төрт адамның көңілін қалдырма!

Жетімнің.
Кедейдің.
Міскіннің.
Жесірдің.

Төрт нәрсемен сипаттал!

Сабырмен.
Кішіпейілділікпен.
Біліммен.
Жомарттықпен.

Төрт адамға жақын бол!

Ықыластыға.
Ақылдыға.
Кішіпейілге.
Шыншылға.

Төрт адаммен дос болма!

Өтірікшімен.
Ұрымен.
Наданмен.
Өзімшілмен.

Төрт адамды аялап ж/е сыйлай біл!

Отбасыңды.
Тумаласты.
Нағашы, жиенді.
Құда, жекжатты.

Төрт нәрсені азайт!
Көп жеуді.
Көп ұйқыны.
Жалқаулықты.
Көп сөзді.

Төрт нәрсені тастама!

Намазды.
Құранды.
Зікірді.
Мейірімділікті.