Төрт түліктің басы күн санап артып келеді
«Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір» дейді қазан даналығы. Расында кеңестік кезеңде Жамбыл өңірі төрт түлігі жайылған жайлауы мен жылқысы мен түйесі төбе көрсеткен қыстауымен танылған өлке. Сол жылдары Мәскеудің өзі негізгі шикізатты Әулиеата топырағынан алып отырған.
Одақ ыдырағаннан кейін колхоздар тарап, мыңараған мал тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті. Міне осы тоқшылық дәуірді қайта әкелу үшін ширек ғасырдың бедерінде мемлекетіміз мал басын арттыруға барын салуда. Мемлекеттік бағдарламалар да жылда жаңарып, қожалықтар мен шаруаларға барынша қолайлы жағдай жасалуда.
Аграрлы аудан салатын Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының маңызды саласының бірі- мал шаруашылығы.
2019 жылдың шілде айының біріндегі мәлімет бойынша мал басы- ірі қара-41773 бас, немесе 108,4 пайыз, қой-ешкі-565439 бас, немесе 103,5 пайыз, жылқы-19982 бас, немесе 105,7 пайыз, шошқа-10393 бас, немесе 3,3 есе, түйе-72 бас, немесе 112,5 пайыз, құстар-113010 немесе 103,1 пайыз болып отыр.
Мал өнімдері жыл басынан бері 3139,7 тонна тірі салмақтағы ет, немесе 102,5 пайыз, сүт 11588,3 тн, немесе 101,8 пайыз, жұмыртқа 2358,3 мың дана, немесе 102,0 пайыз.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші 27 шағын кәсіпорындар, цехтар орналасқан. Аудан аумағында 11 диірмен, 10 наубайхана, 2 шұжық өндіру цехы, 2 май шығару цехы, 1 сүт өңдеу цехы тіркелген. 2013 жылы бөлім тарапынан жүргізілген жұмыстардың есебінен, бүгінгі күнге 11 диірменнің 7 диірмені жұмыс қалпында, тіркелген 10 наубайхананың 7 жұмыс атқаруда. «Ақтоған» ШҚ-ың макарон шығару цехында 25 түрлі макарон өнімдері облыс көлемінде таралып, сауда-саттыққа қойылған.
«Досқайнар» ШҚ, «Ұлы Сұлтан» ШҚ-ы шұжық цехтары сұраныс арқылы 10-нан астам шұжық түрін халыққа тұтынуға ұсынылып отыр.
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында дәл осы құландықтардың жасап жатқан жұмысы айтылғаны даусыз. Және төрт түлік басының артуы ертең ет экспортын арттыруға да үлкен серпін береді. Сондай-ақ ет кластерін дамыта отырып, алыс жақын шет мемлекеттермен сауда айналымына да жол ашылмақ.
Сондықтан аудан шаруалардың тірлігі бас бармақпен бағалауға тұрарлық!
Төлен Дедек