ТӨРТ ЖОБАНЫҢ ҮШЕУІ ІСКЕ АСТЫ
Былтыр аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 24065,0 миллион теңгені құрап, бұрнағы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 1434,0 миллион теңгеге артып, 106,3 пайызға орындалыпты. Өңдеу өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14999,825 миллион теңгені құраған. 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 166,841 миллион теңгеге артып немесе 101,1 пайызға орындалған.
«Talas Investment Company» ЖШС 13480 тонна натрий цианиді, 14308,4 миллион теңге, 4026 тонна аммоний сульфаты, 214,5 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Экспортқа барлығы 5302,7 миллион теңгеге 5040 тонна натрий цианиді тиеліп, ол жалпы өндірілген өнімнің 37,4 пайызын құрап, Тәжікстан Республикасына, Ресейге экспортталыпты.
«Жамбыл недр» ЖШС 34,1 мың тонна әктасы және 25,1 мың тонна топырақ өндіріп, ақшалай 64,8 миллион теңгені құраған. «Қаратау Про» ЖШС 2515 тонна карбонат кальцийі, 80988 тонна мәрмәр ұнтағының ұны, 10178 тонна мәрмәр ұнтағын өндіріп, 950,7 миллион теңге болған.
Жоғары да сөз болған «Амангелді Газ» ЖШС миллион текше метр табиғи газ және 6,3 мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 5233,4 миллион теңгені құрапты. «Шолақтау» ЖШС 62,8 мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 80,4 пайызға орындалған. «Амангелді Газ» ЖШС 1,6 мың тонна газ, 4,4 мың тонна дистиллятор өндіріп, 522,922 миллион теңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда 65,1 пайызға орындалыпты. Қай өндіріс орнында болмасын өнім көлемі жыл сайын артып отырған.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 18998,9 миллион теңгені, бұрнағы жылмен салыстырғанда 2402,4 миллион теңгеге артық орындалып, 114,5 пайызды құрапты.
– Индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны – 374811,7 миллион теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба жоспарланып, 18211,7 миллион теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылғанын айта кетейін. Жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын («Talas Investment Company» ЖШС) «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. «Жобаның жалпы құны 22,6 миллиард теңгені құрады. Зауытта қазіргі таңда 562 адам жұмыспен қамтылған. «Talas Investment Company» ЖШС Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрий өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда құнды минерал тыңайтқышы жылына 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады. «Talas Investment Company » ЖШС өткен жылы қаңтар-желтоқсан айларында 13480 тонна цианид натрий және 4026 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 14522,9 миллион теңге болды. Өзінің толық қуаттылығының 89,9 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 62,5 пайызын құрады.
Жалпы құны 3,4 миллиард теңгені құрайтын «Жамбыл Недр» ЖШС жылына 300,0 мың тонна «М-400», «500» маркалы цемент өндіретін зауыт құрылысын аяқтады. Зауыт құрылысына 4,0 гектар жер телімі бөлінді. Зауытта қазіргі таңда 165 адам жұмыспен қамтылған. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен «Майтөбе» топырағын пайдаланады. «Жамбыл Недр» ЖШС 2021 жылы цемент және клинкер өндірген жоқ. Қуаттылыққа шықпаудың себебі зауыттың құрал-жабдықтары жиі істен шығудың кесірінен немесе шикізаттың толық қамтамасыз етілмеуінен болып отыр.
«Қаратау Про» ЖШС жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт толықтай құрылысын итальяндық құрал- жабдықтарды орнату арқылы аяқтады. Зауытта 96 адам жұмыспен қамтылған. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. 2017 жылдың наурыз айында зауыттың қабылдау актісі жасалынып, кәсіпорын 23 наурызынан бастап іске қосылды.
2021 жылы қаңтар-желтоқсан айларында «Қаратау Про» ЖШС ұнтақталған мәрмәр 80988 тонна, карбонат кальций 2515 тонна, мрамор ұнтағы 10178 тонна өндіріп ақшалай 950,696 миллион теңге болды. Өзінің толық қуаттылығының 85,2 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 4,1 пайызын құрады.
Республикалық индустрияландыру картасына 2023 жылға енгізілген жоба- «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Құны 365,5 миллиард теңге. Жоба іске қосылғанда 2000 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштарға нарықта бағаның құлдырауына байланысты зауыт жобаның іске асуын 2023 жылға ауыстыруға шешім қабылдады.
2020-2025 жылдарға индустрияландыру картасына «Talas Investment Company» ЖШС енгізілді. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 25438,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 300 адам. Іске асырылатын мерзімі 2022 2024 жылдар. 2020-2025 жылдарға индустрияландыру картасына «Қаратау ПРО» ЖШС енгізілді. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 110,0 мың тоннадан 190,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 1085,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан 25 жұмыс орны ашылады. Іске асырылатын мерзімі – 2022 2023 жылдар. Өткен жылы барлық мемлекеттік бағдарламалар арқылы іске асырылған жалпы жобалардың саны 144 болса, қаражат сомасы 2180,6 миллион теңге. Оның ішінде, Қаратау қаласы бойынша жобалар саны – 34, қаражат сомасы 229,5 миллион теңге, – дейді аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм басқармасының басшысы Ауданбек Тауасаров.
Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша да атқарылып жатқан жұмыс қарқынды көрінеді. Әлбетте оның бәріне жеке-жеке тоқталмай-ақ қойсақ деймін. Атқарылған жұмысты жұрт көріп отыр. «Aq jol» газеті басқа аудандар сияқты Таласта да шағын және орта бизнесте атқарылып жатқан жұмысты оқтын- оқтын жазып тұрады. Таласта туризмді дамытуда да бірқатар шаруа қолға алыныпты. Облыстың қай ауданында болмасын туризмді дамытудың маңызы зор. Бұл мәселе де назарымызда болады.
Бүгінде күн тәртібінде өткір тұрған мәселенің бірі – бағаның тұрақтылығы. Бұл өзекті мәселе кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне жүктелген. Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша аудан әкімдігінің қаулысымен тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб құрылып, 11 рет штаб отырысы өткізіліпті. Аудан тарапынан күнделікті Қаратау қаласында орналасқан ірі супермаркеттер «Диас сауда орталығы», «Фиркан», «Дәмді Себет», «Айда», «Ромашка» сауда орындарындағы бағалар көтеріліп кетпеу мақсатында мониторинг жүргізіліп тұрса керек. 2021 жылы баға өсімін тежеу мақсатында дүкен иелерімен азық-түлік бағаларына қосылатын үстеме ақыны 10-15 пайыздан асырмау туралы 30 меморандумға қол қойылған.
Қаратау қаласының орталық аланыңда азық- түлік тауарларының және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып, онда шығарылған азық-түлік тауарлары күнделікті бағадан 10-15 пайызға төмен сатылған. Ауданда 154-ке жуық азық-түлік дүкені бар. Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс орталығы Тараз қаласындағы «Дәмді Себет», «Фиркан», «Технодом», «Сулпак» және «Светофор» сынды іргелі сауда орталықтарының иелерімен келіссөз жүргізіліп, аудан орталығынан филиалдары ашылған.
Амангелді ӘБІЛ
Талас ауданы.
aqjolgazet.kz/